Негізгі бет  →  Факультеттер  →  Химия және химиялық технология  →  Ғылыми-зерттеу қызметі

Ғылыми-зерттеу қызметі

          

Химия факультеті ғалымдарының ғылыми жетістіктерінің арқасында бірқатар қазақстандық ғылыми мектептер қатары қалыптасты: химик-бейорганиктер (ҚазССР ҒА академигі Ә.Б.Бектұров, ҚазССР ҒА корреспондент мүшесі Б.А.Бірімжанов), ерітінділер теориясы (ҚазССР ҒА академигі М.И.Усанович), катализ (ҚазССР ҒА академигі, Социалистік Еңбек Ері Д.В.Сокольский), химик-аналитиктер (ҚазССР ҒА академигі М.Т.Козловский, ҚазССР ҒА корреспондент-мүшесі О.А.Сонгина), нақышты органикалық синтез (ҚазССР ҒА корреспондент-мүшесі А.Ш.Шәріпханов), өсімдіктің химиялық құрамын зерттеу және биологиялық активті заттарды құру (проф. Т.К.Чумбалов), жоғары молекулалық қосылыстар химиясы (ҚазССР ҒА академигі С.Р.Рафиков, Б.А.Жұбанов, Е.М.Шайқұтдінов), ион алмасу жєне мембраналық технология (ҚР академигі Е.Е.Ерғожин), химиялық физика (Г.И.Ксандопуло, проф. З.А.Мансұров).

Химия факультетінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 3 ғылыми институт шоғырланған:

  • ·         Жаңа химиялық технологиялар мен материалдардың ғылыми зерттеу институты;
  • ·         Физико-химиялық зерттеу және талдау орталығы;
  • ·         Жану проблемалары институты.