Оқиғалар күнтiзбесi

ҚазҰУ-да Intel компаниясының қатысуымен ғылыми семинар-тренинг өткізілді

2014 жылдың 8 қыркүйегінде бүкіл әлемге танымалIntelкомпаниясының қатысуымен ҚазҰУ-дың механика-математика факультетініңKazNU-INTEL жоғары өнімді есептеулер орталығындағылыми семинар-тренинг өтті. Бұл шара 2014 жылдың 26 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры, академик Ғ.М. Мұтанов пен Intel корпорациясының Ресей және СНГ бойынша кәсіпкерлікті дамыту жайлы департаментінің директоры А.В.Авдеев арасында іскерлік туралы қол қойылған келісім шарт аясында өткізілді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика – математика факультеті мен Математика және механика Ғылыми Зерттеу Институтының ұсынысы бойынша ашылған жоғары өнімді есептеулер KazNU-INTEL орталығының негізгі мақсатының бірі – Intel корпорациясының мамандарының қатысуымен ашық дәрістердің, семинарлардың өткізілуі. Семинар Intel корпорациясының бас техникалық инженері Кирилл Рогожинның қатысуымен өтеді. Семинарға өзге ЖОО-ның ғылыми қызметкерлері, параллельді есептеулер бойынша оқытушылары, докторанттар, магистранттар белсенді қатысты. Семинарда мамандардың аса қызығушылығын арттыратын Intel Parallel Studio өніміне шолу; Intel параллельді кітапханасы; ТВВ; OpenMP; Cilk Plus; Векторризациялау; SIMD тиімді пайдалану нұсқауы; Intel Inspector XE бойынша параллельді программалар: жадының азаюы, ақпаратты жүргізу, ағындарды өзара шектеу; Intel® Xeon Phi программалауы және т.б. тақырыптары қарастырылды. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Intel компаниясының бірлескен жұмысы университетіміздің заманауи білім беру технологияларын даярлауда, дамытуда үлкен, жас мамандардың біліктілігін арттыруда үлкен рөл атқармақ.