Магистратура

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ҚР бойынша магистрлер дайындау орталығы болып саналады. Университеттегі жоғары сапалы оқу үдерісі жоғары мамандалған профессорлық - оқытушылық құрамымен, үлкен көлемдегі ғылыми - зерттеу жұмыстарымен, халықаралық жүйедегі кең ауқымды байланыстары , PhD докторантура бағдарламасының дамытуы және ең үлкен кітапханалық қорының байлығы бойынша ерекшелінеді.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (магистратура, докторантура PhD) бағдарламалары бойынша мамандар дайындалады. Ол оқытудың кредиттік жүйесі бойынша жүргізіледі, оның басты мақсаты білім алушылардың өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзін білімдендіру және оқу үдерісіндегі таңдаған бағытын, білім көлемін кредиттік жүйеде дамыта алуын қадағалайды.


Оқуды ұйымдастыру реті ҚазҰУ-да кредиттік жүйе бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын айқындайтын ҚазҰУ академиялық саясаты. Құжаттар реті: білім алушылардың сабаққа қатысуына тіркелуі, ағымды бақылау, аралық бақылау және қорытынды бақылау өткізу; тәжірибе өтудің барлық түрлерін ұйымдастыру, білім алушыға мемлекеттік стипендия өтеу реті, білім алушыны ауыстыру тәртібі, қорытынды аттестация және т.б.

Қазіргі таңда университет 48 мамандық бойынша магистр дайындау үстінде.

Оқу қазақша, орысша, ағылшынша және т.б. тілдерде, сонымен қатар білім беруді шетел мамандары жүргізеді. Бүгінгі таңда магистратурада 1104 магистр білім алаып жатыр.

- 1 курста - 590 маг.

- 2 курста - 514 маг.

Сонымен қатар шетел азаматтарыда бар.

Университет магистратурадағы оқу үдерісін әр білім алушыға барлық мамандықтардағы пәндерді қамтуға, білім алушыға "Білім туралы" заңға сәйкес және басқа да нормативті-құқықтық құжаттарға сәйкес академиялық дәреже, қолайлы жағдай жасауды ұйымдастырады.

Нормативті - құқықтық құжаттар :

1. ЖОО білім беру магистратура. ҚР МЖБС 5.4.033-2008.

2. Оқу үдерісін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру ережесі.

3. Tиптік қабылдау ережесі.

4. Магистр дайындаудағы минимум құрылымын және деңгейін талап ету.

5. Білім алушылырдың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүрізудің ережесі №125