Жалпы мәліметтер

Оқу-әдістемелік жұмыстың ең маңызды аспектісі факультет оқытушылары, кафедра жұмыстарын әдістемелік тәжірибесін жалпылау және бакалавриат, магистратура, PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үдерісін басқару және ұйымдастыру :

  • оқу жоспарлары және бағдарламаларын құру;
  • жаңа ақпараттық компьютерлік технологияларды енгізу;
  • оқытудың дистанциялық және инновациялық жүйесін дамыту;
  • профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін жоғарылату жүйесін арттыру және нарықтық қоғамға болашақ мамандарды даярлау.

Оқу-әдістемелік жұмыстың құрамдас бөлігінің бірі университеттегі ғылыми-әдістемелік конференцияларды ұйымдастыру және өткізу. Конференция барысында оқытушылар өзара тәжірибелерімен, сабақ жүргізудің жаңа формаларымен, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың жаңа технологиялары және аспектілерімен пікір алмасады. Іргелі және арнайы курстарды оқыту барысында факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы оқытудың жаңа технологияларын пайдаланады.

Қазіргі кезде студенттерді дайындау үшін әлемдік стандарттарға сәйкестендірілген эксперименталдық оқу бағдарламалары құрылып, келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылуда: 5B060100-математика, 5B060200-информатика, 5B060300-механика, 5B070300-ақпараттық жүйелер, 5B070500-математикалық және компьютерлік пішіндеу және 5B074600-ғарыштық техника және технологиялар, 050704 - есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету.

Факультет жанындағы магистратура 6M0601-математика, 6M0602-информатика, 6M0603-механика, 6M0703-ақпараттық жүйелер, 6M0705-математикалық және компьютерлік пішіндеу атты бес мамандық бойынша мамандарды дайындап келеді.

Осы уақытқа дейін факультет жанындағы Ph.D докторантура “қолданбалы математика”, “информатика”, “газдар мен сұйықтар механикасы” мамандықтары бойынша жасалған эксперименталдық бағдарлама арқылы жүзеге асырылып келген. Ал, 2010-шы жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап келесі бес мамандықтар бойынша лицензиялар алынды. Олар - “6D060100-Математика”, “6D060200-Информатика”, “6D060300-Механика”, “6D070300-Ақпараттық жүйелер”, “6D070500-Математикалық және компьютерлік пішіндеу”.

Факультеттің күшімен қамтамасыздандырылатын барлық міндетті негізгі және кәсіби пәндер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қабылданған ережелерге сәйкес оқу-әдістемелік құжаттармен толық қамтамасыз етілген. Факультетке тиесілі барлық пәндер бойынша силлабустар (жұмыстық бағдарламалары) ҚР БҒМ бекіткен типтік оқу бағдарламалары негізінде жасалып, ҚазҰУ-да белгіленген талаптарға сәйкес бекітілді. Барлық пәндер бойынша аралық, межелік және қорытындылық бақылауларға арналған тест сұрақтары жаңартылды немесе жаңадан жасалынды. Мемлекеттік аралық бақылауларға және қалдық білімді тексеруге арналған тестік тапсырмалар базалары жаңартылып, толықтырылды. Дайындалған тесттер университеттің мониторинг және тест бөліміне тапсырылды. Кафедралардың мамандандырулары бойынша оқытылатын пәндердің тізіміне өзгерістер енгізіліп, олардың жаңа силлабустары, жұмыстық бағдарламалары т.с.с. түгел қайта жасалынды. Жаңа арнайы курстарды анықтау барысында олардың құрамына қазіргі заман ағымына сай пәндер енгізілді. Факультет мұғалімдері студенттер мен магистрлерді қажетті оқу-әдістемелік материалдардың қағаз жүзіндегі және электрондық нұсқаларымен алдын-ала қамтамасыз етуді дәстүрге айналдырған.

Факультет оқытушыларының жүргізетін ғылыми-тәжірибелік зерттеулер арнайы курстардың арқауы және негізі болып табылады, барлық кафедралардың арнаулы курстары ғылыми-зерттеу тақырыптарымен тығыз байланысты. Қазақстанға белгілі ғалымдар арнайы курстар бойынша дәрістер оқиды: Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясынын академиктері, профессорлар Б.Т.Жұмағұлов, Қ.Ә.Қасымов, Н.Қ.Білиев, Ш.Ә. Ершін; ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер, физика-математика ғылымдарының докторы Н.Т.Данаев; физика-математика және техника ғылымдарының докторлары, профессорлар У.С. Әбдібеков, А.Қалтаев, С.А.Бадаев, У.Ә. Төкеев, С.Е.Темірболат, Ж.М.Мырзалиев, С.Ә. Айсағалиев, Ш.С.Сахаев, Ғ.Б.Шеріязданов, М.Қ.Орынханов, Ә.Ы.Ысқақбаев, С.Я.Серовайский, М.Н.Қалимолдаев, В.С.Неронов, Ю.Нужнов, М.Менглибаев педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар К.Қабдықайырұлы, Ж.С.Сүлейменов және т.б. (барлығы 42 адам).

Математикалық және компьютерлік пішіндеу кафедрасында ҒЗЖ нәтижелері «спектралдық әдістер», «мұнайды құбыр арқылы жіберудегі ақпараттық жүйелер», «физикалық процесстерді математикалық және компьютерлік пішіндеу» (профессор Б.Т. Жұмағұлов), «химика-технологиялық физикалық процесстерді математикалық және компьютерлік пішіндеу», «математикалық пішіндеудің жаңа әдістері» (профессор У.С. Әбдібеков) пәндері арқылы оқу үдерісіне енгізілген.

Есептеу математикасы кафедрасында ҒЗЖ нәтижелері «Прямые методы решения разностных уравнений»(профессор Н.Т.Данаев), «Применение методов Монте-Карло в финансовой математике»(профессор Қ.Қ.Шакенов) пәндері арқылы оқу үдерісіне енгізілген.

Механика кафедрасында ҒЗЖ нәтижелері «Modeling hydrodynamics problems with the physical and chemical transformations», «Моделирование течений реагирующих смесей» (профессор Қалтаев А.Ж.) пәндері арқылы оқу үдерісіне енгізілген.

Геометрия, алгебра және математикалық логика кафедрасында ҒЗЖ нәтижелері «Вычислимость в иерархиях», «Теория нумераций» , «Теория Галуа» (профессор Бадаев С.А.) пәндері арқылы оқу үдерісіне енгізілген.

Ақпараттық жүйелер кафедрасында ҒЗЖ нәтижелері «Project Management software Systems» (профессор У.Ә. Төкеев) пәні арқылы оқу үдерісіне енгізілген.

Математикалық талдау кафедрасында ҒЗЖ нәтижелері «Избранные главы теории функций», «Геометрические методы математической физики» (профессор Б.Е. Қанғужин) пәндері арқылы оқу үдерісіне енгізілген.

Басқару теориясы кафедрасында ҒЗЖ нәтижелері «Тиімді басқару теориясы», «Реттелінетін жүйелер теориясы», «Фазалық жүйелер теориясы» (профессор С.Ә. Айсағалиев) пәндері арқылы оқу үдерісіне енгізілген.

Факультеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары студенттер мен магистранттардың курстық және бітіру жұмыстарының тақырыптарының көзі болып табылады. Сәйкесінше, осы ғылыми зерттеу жұмысы студенттердің курстық, одан әрі дипломдық жұмыстарының арқауы бола алады.

Механика-математика факультеті Републикалық 020-111 бағдарламасы «жоғарғы кәсіби және ЖОО кейінгі мамандарды дайындау үшін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына шет ел мамандарын (оқытушыларын, профессорларын) тарту» келісімімен және PhD докторантурада бойынша атқарылатын жұмыстар бойынша Ұлыбритания(University of Manchester, University of Newcastle upon Tyne, University of Leeds), Италия(Сиена университеті, University of Rome "La Sapienza",), Франция(Institut National Polytechnique de Lorraine – INPL, Лион-1 университеті), Ресей(Институт вычислительных технологий СО РАН, Институт вычислительной математики и математической геофизики СО РАН, Новосибирский государственный университет, Башкирский госуниверситет) Германия(Universitate Heidelberg, Institute of Aerodynamics RWTH Aachen, University of Karlsruhe, Institut of Applied Analysis TU Bergakademie Freiberg), Польша(С.Сташица атындағы Тау-металлургиялық академиясы, AGH University of Science and Technology), Жапония(Токио университеті, Нагоя Университеті, Aoyama Gaukuin Univercity), АҚШ(University of Pittsburgh, Louisiana State University, University of Illinois at Chicago, University of Virginia, University of North Dame, University of Delaware), Үндістан(National Institute of Technology Calicut), Қытай(Beijing University), Оңтүстік Корея(Сеул қаласы Information and Communications University), Голландия(Delft University of Technology), Түркия(Косаели Институты), Испания(Centre de Recerca Matematica) мемлекеттерінің ғалымдарымен тығыз қарым-қатынаста.