Ғылыми зерттеулер бойынша студенттерге ақпарат

Факультетте студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарына көп көңіл бөлінеді. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары механика-математика факультетінің ҒЗИ Кеңесі бойынша ұйымдастырылады және жүргізіледі. Факультетте 1316 студенттер мен магистранттар оқиды, олардың ішінде ҒЗИ 784-імен шұғылданады. Бұл барлық оқитындардың 60% құрайды. Факультеттің барлық кафедраларының студенттері мен магистранттарынан құралған Студенттік ғылыми ұйым құрылған.

ҒЗИ-нің негiзгi бағыттары студенттердiң қатысуымен жүргізіледі:

  • ғылыми семинарлар және кафедра үйiрмелерiнiң жұмысында;

  • студенттiк ғылыми жұмыстардың республикалық жарысында;
  • ғылыми жобалар және әр түрлi ғылыми өткiзiлетiн жұмыстардың жарыстарындағыұйымдармен;
  • ғылыми конференциялар жұмыстарымен;
  • олимпиядаларда.

Факультетте төменгі курс студенттері үшін математика, механика және информатика мәселелері бойынша конференциялар, олимпиадалар және студенттер мен жас ғалымдар үшін дәстүрлі ғылыми ҚазҰУ конференциялары өткізіліп тұрады.