Жалпы мәліметтер


ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ

Экономика және бизнес Жоғары мектебі 4 кафедрадан тұрады:

- есеп және аудит;

- менеджмент және маркетинг;

- қаржы;

- экономика.

Экономика және бизнес Жоғары мектебінде ғылыми дәрежелі профессор-оқытушылар құрамының үлесі – 60 % (22 ғылым докторлары, 51 ғылым кандидаттары және 7 PhD докторлары). «Болашақ» бағдарламасының 9 түлегі сағаттық төлем бойынша жұмысқа қабылданған.

Экономика және бизнес Жоғары мектебіндеағылшын тіліндедәріс алатын академиялық топтар құрылады. Сонымен қатар, оқу барысында студенттердің әскери дайындықтан өтуге мүмкіндіктері бар.

Білімнің халықаралық интеграциясы мақсатында студенттермен алмасу жәнеқос диплом бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізілуде:

-бакалавриатта Роберт Шуман атындағы Университетпен («Страсбург менеджмент мектебі» бизнес-мектебімен, Франция).

- магистратурада ТМД Желілік Университетімен (Ресей халықтар достығы университеті – РХДУ, Новосібір мемлекеттік университетімен, Ресей);

Экономика және бизнес Жоғары мектебіндеоқу-баспа лабораториясы, есеп және аудит, қаржы, экономика кафедраларында компьютерлік 1С БУХГАЛТЕРИЯ ВЕРСИЯ 8.2, STATA 13, PROJECT EXPERT 7 бағдарламалармен жабдықталған лабораториялар, сонымен қатар сегізкомпьютерлік класстар, интранет-зал, биржажұмыс жасайды.

Есеп және аудит кафедрасы жанынан CIPA (бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы тәуелсіз кәсіби бағалау, халықаралық мамандандыру) бағдарламасы бойынша сертификатталғанбухгалтерлер дайындау Орталығыұйымдастырылған.

«Қаржы» кафедрасының жанынанБиржалық трейдингоқу орталығыӘл-Фараби атындағы ҚазҰУ зерттеу университетіне трасформациялау стратегиясына сәйкес құрылды.

Жоба менеджерлерін дайындау орталығы Менеджмент және маркетинг кафедрасында құрылған.

Инновациялық кәсіпкерлік орталығы (ИКО) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің 2014ж. 27 қаңтардағы шешімімен ЭжБЖМ Экономика кафедрасында құрылды.