Жиі қойылатын сұрақтар

Орташа балды калай есептейді (GPA) ?
Калькулятор сілтемесін басыңыз
Жазғы семестр қанша уақытқа созылады?
Белгілі пәндер бойынша қанағаттанарлықсыз бағаны жоюға мүмкіндік беретін жазғы семестр 5 аптаны құрайды
Шетелде академ.мобильділік программасымен оқып келген студент, қашықтықтан оқуда оқу жоспарына сай таңдалған пәнінің емтиханын тапсыра алмаған жағдайда не істейді?
Білім алушы, ең алдымен оқитын пәнінің төлем ақысын жүргізеді, және емтиханын тапсыра алмаған пәнді қайта оқуға тіркеліп, белгіленген академ.күнтізбе бойынша аяқтайды немесе жазғы семестрде оқиды
Егер студент оқудан шығарылған жағдайда (оқу тәртібін бұзған жағдайда, қайта курсқа отыру үшін келісім-шарт бекітпегендіктен), оқығандығы туралы құжат беріледі ме?
Оқудан шығарылған студентке, оқуды бітірмегендігі жөнінде Анықтама беріледі.