Негізгі бет  →  Факультеттер  →  Физика-техникалық факультеті

Физика-техникалық факультеті

znak

 

Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң физика факультеті - Қазақстан Республикасының физика-техникалық білімдерінің үздігі.


Үшінші мыңжылдықта адам өркениетінің дамуына физика ғылымының рөлі ерекше, XX ғасырдағы физика революциясы ғылымның әр түрлі облыстарына, техникада және қоғамның өміріне, әсерін тигізді. Ең алдымен, физика – табиғат заңдылықтарын, материяның құрылымын және қасиетін, оның қозғалысын зерттейтін ғылым.

Биік ғылымға сыйымды технологиялардың ғасырында физика ғылымының рөлі тек өндірістің әр түрлі облыстарының ғылыми негіздерінде ғана емес, сонымен қатар, биік фундаменталды, дүниетану салаларында қолданыс тапқан. Берік математикалық, компьютерлік және тілдік (ағылшын) дайындығы бар фундаменталды жалпыфизикалық білім ҚР-ң ең қиын ғылыми және технологиялық мақсаттарды орындауға үлес қосады. ҚазҰУ-ң физика-техникалық факультеті Қазақстан Республикасының физика-техникалық білімдерінің үздігі және алғаш құрылған факультеттердің бірі болып саналады.

Физика факультеті 1934 жылы 15 қаңтарда физика-математикалық факультеттің бөлімі ретінде профессор В.Ф. Литвиновтың басшылығымен құрылған. 1959 жылдың мамыр айында факультет физика-математикалық факультеттен бөлек физика факультетіне айналды. Факультеттің бас деканы, доцент Н.Д. Косов тағайындалды. Кейін факультеттің декан лауазымына доцент Н.С. Страшников, доцент С.И. Исатаев, профессор В.П. Ерматов, Ш.Ш. Сарсембинов иеленді. 1991-1998 жылдар аралығында физика факультетінің деканы МАН ВШ академигі, ф.-м.ғ.д., профессор Т.А. Кожамкулов болды. Кейін факультеттің декандары: Ф.Б. Баимбетов, Т.С. Рамазанов, А.С. Аскарова, 2010 жылдың шілде айынан бастап, физика факультетінің деканы доцент Б.А. Алиев атанды.

Осы таңда физика-техникалық факультеті ҚР-ң физика ғылымдарының облысында жоғары білімі бар мамандар даярлайтын, ғылыми-педагогикалық потенциалы бар ең ірі білім және ғылым орталығы болып табылады.

Физика факультетінің басшылығымен 1992 жылы ҚР-ң ЖОО – дағы тәжірибелік және теориялық физика ғылыми зерттеу институты (ҒЗИ) алғаш рет құрылды (ҒЗИ ЭТФ – директоры ф.-м.ғ.д., профессор Т.А. Кожамкулов болды).



Қазіргі таңда физика-техникалық факультетінің құрамында төрт кафедра бар:

- Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы (меңгерушісі– ф.-м.ғ.д., С.А. Бөлегенова)

- Теориялық және ядролық физика кафедрасы (меңгерушісі - ф.-м.ғ.д., М.Е. Абишев)

- Қатты дене және бейсызық физика кафедрасы (меңгерушісі – ф.-м.ғ.д., Приходько О.Ю.)

- Плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасы (меңгерушісі – ф.-м.ғ.д., профессор Ю.В. Архипов)



Физика –техникалық факультеті келесі мамандықтар бойынша мамандарды даярлайды:



БАКАЛАВРИАТ

1. 5В060400 - Физика – 4 жыл, күндізгі бөлім;

2. 5В060500 - Ядролық физика – 5 жыл, күндізгі бөлім;

3. 5В072300 - Техникалық физика – 4 жыл, күндізгі бөлім;

4. 5В061100 - Астрономия (физика және астрономия) – 4 жыл, күндізгі бөлім;

5. 5В071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы – 4 жыл, күндізгі бөлім;

6. 5В073200 - Стандартттау, сертификаттау және метрология – 4 жыл, күндізгі бөлім;

7. 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация – 4 жыл, күндізгі бөлім.



МАГИСТРАТУРА

1. 6М060400 - Физика - 2 жыл;

2. 6М072300 - Техникалық физика - 2 жыл;

3. 6М060500 - Ядролық физика - 2 жыл;

4. 6М061100 - Астрономия (физика және астрономия) - 2 жыл;

5. 6М011000 - Физика (білім) - 2 жыл;

6. 6М073200 - Стандарттау және сертификаттау - 2 жыл;

7. 6М071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы - 2 жыл;

8. 6М 075000 - Метрология - 2 года;

9. 6М071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникации - 2 жыл;

10. 6М072300 - Техникалық физика (1,5 жыл)



ДОКТОРАНТУРА PhD



1. 6D060400-Физика

2. 6D011000-Физика (білім)

3. 6D060500 - Ядролық физика

4. 6D061100 - Астрономия

5. 6D072300 – Техникалық физика

6. 6D071000- Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

7. 6D071900- Радиотехника, электроника және телекоммуникация

8. 6D074000-Наноматериалдар и нанотехнология



Қорытындылай келе, физика-техникалық факультетінің құрамындағы мұғалімдердің білімі жоғары болғандықтан, бітіруші студенттердің дайындық деңгейлері өте жоғары, бәсекеге лайықты және әр түрлі стипендиялар мен ғылыми гранттарға иеленеді. ҚазҰУ-ң физика факультеті жоғары деңгейлі білімі бар ғылыми мамандарды дайындау жұмысында ең үздік болып табылады, және елімізді гүлденуге және жоғары ғылыми-технологиялық дамыған елдердің қатарына қосатын байлық болып табылады.