География және табиғатты пайдалану факультеті

Құрметті талапкерлер!

Мен сіздердің әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен география және табиғатты пайдалану факультетіне қызығушылығыңызды құптаймын. Біз және біздің алдыңғы қатардағы зерттеу білім беру орындары Батыс Еуропа, Америка, Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия, Жапониядағы серіктестерімізбен бірге естен кетпес сапарды бастайтыныңызға қуаныштымыз.

Қазіргі таңда, заман талабына сай қоршаған ортада, географияда, соның ішінде геодезия және картографияда, кадастрда, ГАЖ технологияларында, метеорологияда, гидрологияда, туризмда  болып жатқан жаһандық және аймақтық өзгерістер ұлттық қауіпсіздік және мемлекетіміздің тұрақты дамуында өте маңызды болып табылады. Алдыңғы қатарға климаттық өзгерістер және бейімделу, су және энергетикалық қауіпсіздік шықты.

Кеңістікті, территорияны, ресурстық потенциалды, болып жатқан үрдістерді үнемі қадағалау негізінде шешім қабылдауды кешенді бағалауды, ең маңызды трендтерді анықтауды тек география ғана жүргізе алады, соның нәтижесінде бейімдеудің тиімді механизмдерін құрастыруға болады.

Экология және тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бағыттарына жеке тоқталып кеткім келеді. Біздің кафедрада, алдыңғы қатардағы Колумбиялық Университет (Нью-Йорк, АҚШ), Лиссабон Политехникалық Университеті (Португалия), Халықаралық табиғат, қоғам және адам университеті «Дубна» (Ресей) және басқалар cекілді шетелдік университеттермен бірлесе отырып ТМД мемлекеттерінің ішінде жалғыз, халықаралық «Тұрақты даму жөніндегі» ЮНЕСКО кафедрасы құрылған, оның басты мақсаты «Экология» және «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандықтары базасында ҚР тұрақты инновациялық энергоэкологиялық даму  саласында пәнаралық негізде, Қазақстанды «Жасыл экономикаға» өткізуге жұмыс атқаратын, халықаралық  стандарттар деңгейіндегі кәсіби компетенцияларға ие мамандар дайындау.

Соңғы жылдары Қазақстанның «Жасыл экономикаға» ауысу талпынысын қолдайтын инновациялық шешім фокусы - «Ұрпақтар арқылы жасыл көпір» атты Еуразиялық платформа болып табылады, ол РИО +20 Бүкіләлемдік саммитінде ұсынылған және біздің факультетте орналасқан. Оның басты мақсаты Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың үндеуіне жастарды жұмылдыру: XXI ғасырда тұрақты дамудың жаһандық энергоэкологиялық стратегиясы, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламалары. Бұл жоба жастарды тұрақты инновациялық даму бойынша ұсыныстарды тәжірибелік іске асыру және бүкіләлемдік «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындыққа жұмылдырады.

Біздің түлектеріміз еңбек нарығында жылдан жылға сұранысқа ие және мемлекеттік және өзін өзі басқару салаларында, білім беру, бизнес, соның ішінде шетелде (АҚШ, Германия, Австралия, Австрия, Польша және т.б. мемлекеттерде) жұмыс істейді.

Мен сіздермен кездесуді асыға күтудемін және география және табиғатты пайдалану факультетіне түсуде сәттілік тілеймін.

 

География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы

г.ғ.д., профессор В.Г. Сальников