Кафедра тарихы

Мәдени антропология кафедрасы өз тарихи бастауын тереңнен, 1968 жылдан философия тарихы және логика кафедрасының құрылуынан алады. Алғашқыдан кафедраның профессор - оқытушылар құрамы философия тарихы, логика, этика, эстетика пәндерін философия бөлімінде және басқа да гуманитарлық факультеттерде дәріс оқытуды қамтамасыз етеді. Кафедраның алғашқы меңгерушісі болып 1968-1973 жылдары белгілі философия тарихшысы, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің түлегі, философия ғылымдарының докторы, профессор Чечин Михаил Никифорович қызмет атқарды. Оның жетешілігімен көптеген кәсіби маман философтар дайындалды, сонымен қатар философия тарихы пәндерінің негізгі курстары қамтамасыз етілді. Осы кафедрада ұзақ жылдары бойында философия тарихын және логика саласында кеңінен танымалды ғаламдар: Қасымжанов А.Х., Әбділдин Ж.М., Қасымжанова Б.А., Сатыбекова С.К., Сегізбаев О.А., Пак Ир П.А., Тұрғұмбаев А.Х., Келбұғанов А.Ж., Қасабек А.К. және басқалар қызмет атқарды.

1973 ж. бастап философия тарихы және логика кафедрасының меңгерушісі болып философия ғылымдаоының докторы, профессор Қасымжанов Ағын Хайруллович болып сайланды. Оның жетекшілігімен Орта ғасырлық ұлы философ Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық мұраларын зерттеу жұмысы түбегейлі жүргізілді. Профессор Ағын Хайруллович Қасымжановтың ұйымдастыруымен әл-Фарабидің шығармашылық мұрасын зерттеу орталығы құрылды . Араб-мұсылман философиясы өкілдерінің еңбектерін тарихи философиялық тұрғыдан зерттейтін шығармашылық топ ұйымдастырылды. Олар рухани мұраларды орыс және қазақ тілдеріне аударумен айналысты.

Әбу Насыр әл-Фарабидің мәдени-философиялық мұрасын зерттеушісі, ортағасырлық Шығыс және Батыс философиясы тарихын зерттеушісі, философия ғылымының кандидаты, доцент Сатыбекова Сәуле Қайдаровна 1987-1992 жылдыр аралығында кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Ол «Әл-Фараби гуманизмі» монографиясының авторы болып табылады.

Филос.ғ.д., профессорАманжол Қасабек

Кафедра 1992 жылы Қазақ және шет ел философиясы тарихы кафедрасы болып алмастырылды. Аталған кафедраны үш жыл бойында философия ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Қасабекұлы басқарды. Профессор А.Қасабек кафедрада қалыптасқан ғылыми дәстүрдібұзбай, дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығын жалғастыра отырып, қазақ философиясы мен қазіргі заман философиясының тарихын түбегейлі зерттеу мәселесін алға тартты. Профессор Аманжол Қасабек қазақ философиясын тарихын зерттеуде жаңа бағыттар енгізіп, философия тарихы мәселесін дамыту жолдарын ойластырып, қазақ ұлтының рухани қорына орасан мұра қалдырды. Профессордың ұсынуымен қазақ философиясындағы тарихи-философиялық зерттеу жұмыстарында әдіснамалық мәселесі қарастырылды және түрік философиясын зерттеудің философиялық-мәдениеттанулық негіздері басталды. Профессор Қасабектің басшылық еткен кезеңінде сапалы да, жаңа базалық әрі мамандандырылған курстар саны көбейді, тарихи-философиялық мәселеге арналған семинарлар жүргізілді. А.Қ.Қасабек көптеген оқулықтар мен ғылыми еңбектердің авторы болып табылады. Оның еңбектері тек Қазақстан аймағында ғана емес, шет елдерде детанымал болды. Атап айтқанда: «Социальная деятельность и социальное познание», «Искание истины», «Қазақ философиясы», «Тарихи-философиялық таным», «Шығыс философиясы», «Личностный характер философского познания», «Ғылым философиясы», «Құқық философиясы», т.б.

1995 жылы қазақ және шетел философия тарихы кафедрасына 1991 ж. этика және эстетика кафедрасының негізінде ашылған мәденттану кафедрасы косылды. Этика және эстетика кафедрасының алғашқы меңгерушісі профессор Ақмамбетов Ғалихан Ғалимғалиұлы болған. Әр жылдарда кафедрада Байзаков Е.И., Брянов В.А., Сегизбаев О.А., Тюлепбергенова Е.Ж., Бородинов А.М., Усенова М.М. ж.б. ғалымдар жұмыс істеді.

Филос.ғ.д., профессорТ.Х. Габитов

1991 ж. мәдениеттану кафедрасың Ғабитов Тұрсын Хафизұлы басқарды. Оның жетекшілігімен алғашқы мәдениеттанулық зерттеу жұмыстары ұйымдастырылды. Қазақ мәдениеті тарихын зерттеудің теоретикалық мәселелері және отандық мәдениеттану ғылымының теориялық-әдіснамалық мәселелері анықталынды.

Т.Х. Ғабитов «Жоғарға оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының (2007), Қазақстанның білім мен ғылым саласына қосқан үлесі үшін президенттік ғылыми стипендияның, ҚР-ның «Үздік авторы» конкурсының, республикамыздың ғылым, білім және техника саласына қосқан үлесі үшін «Қазақстанның ғалымдар одағы» конкурсының лауреаты. Т.Х. Ғабитовтың «Мәдениеттану» оқулығы Мәдениет және Ақпарат министрлігінің конкурсында «Қазақстан он жылдығының үздік кітабы» (2001) атанды, бұл кітап «Ұлы Жібек жолы» халықаралық кітап жәрмеңкесінің лауреаты (2006) болды, Т.Х. Ғабитовтың оқулықтары ҚР Жоғарғы оқу орындары Ассоциациясының шешімі бойынша, Қазақстанның ең танымал оқулықтарының қатарына енді. Т.Х. Ғабитов 2001 жылдан ҚР Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының академигі, «ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері» (2008), «ҚР ғылым саласына қосқан үлесі үшін» (2007), А. Байтұрсынов атындағы (2004) медальдардың иегері.

Ол 200-ге жуық жұмыстың авторы, олардың 35-і жеке және ұжымдық монографиялар, оқуылықтар мен оқу құралдары; жалпы көлемі - 600 б.т. Оның басшылығымен 3 ғылым докторы, 40 ғылым кандидаты диссертациялар қорғап шықты.

1995 жылдан бастап он үш жылдың бойында кафедраны философия ғылымдарының докторы, профессор Бекет Ғалымжанұлы Нұржанов меңгеріп келді.

Оның басшылығымен кафедра жоғарғы сапалы мамандарды дайындаудың алғашқы ғылыми-танымдық орталығына айналды. Ол Орта-Азия Ресурстық Орталығының басқарма мүшесі, «Білім – орталық Азия» орталығының мүшесі болып табылады. Б.Ғ.Нұржанов Орта Азиялық аймақта постсоветтік және батыстық жоғары білім стандартының бағдарламасын жүзеге асуына, үйлестіру, жақындасуына және стратегияны әзірлеуде өз үлесін қосты.

Филос.ғ.д., профессорБ.Ғ.Нұржанов

Сол кездерде қазақ және шетел философия тарихы кафедрасы республика бойынша мәдениеттану және тарихи-философиялық пәндер базасы болып табылады. Ғылыми сараптау бойынша мәдениеттану және тарихи-философиялық ғылымдар жүйесінде Қазақстандағы жетекші ұйымдардың бірі болып қалыптасқан, сонымен катар көптеген докторлық және кандидаттық диссертацилар қорғаудың жетекші ұйымы болып табылды.

2002 жылдан бастап кафедра атауы философия тарихы және мәдениеттану кафедрасы деп өзгертілді. Профессорлар Нұржанов Бекет Ғалымжанұлы және Ғабитов Тұрсын Хафизұлы отандық философиялық ғылымның жаңа бағыты – мәдениеттану ғылымының қорына өздерінің орасан үлесін қосқан ғалымдар ретінде ерекше атап өткен жөн. Профессор Ғабитов Тұрсын Хафизұлы және Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы алғашқы қазақ тілінде жазылған «Мәдениеттану» оқулығының авторы болып табылады. Осы оқулық 2002 ж. онжылдықтың үздік оқулығы және қазақ мәдениетінің тарихы мен теориясының жаңа оқулығы атағына ие болды.

Профессорлар Нұржанов Бекет Ғалымжанұлы және Ғабитов Тұрсын Хафизұлы қазақстандық мәдениеттану мектебінің негізін қалаушысы ретінде көптеген дарынды ғылымдарды дайындады: Әлмира Бекетқызы Наурызбаева, Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы, Әбдіғалиева Гүлжан Қанайқызы, Исмағамбетова Зұхра Нұрланқызы, Бейсенова Гүлжан Әбдезқызы, Абирова Батима Исаханқызы және т.б.

Философия тарихы және мәдениеттану кафедрасының профессорлар-оқытушылары тәуелсіз Қазақстанның жаһандану үдерісіндегі зерттеу жұмыстарның жаңа бағыттары, мәдени ұқсастық және мәдениеттің келешекте даму жолдарын іздестіру мәселелері жолға қойылды. Кафедраның ұжымы ғылыми зерттеу жұмыстарында, философия, мәдениеттің теориясы мен тарихы өзекті мәселелеріне бағытталған гранттық проектілерге үнемі қатысып отырады.

Кафедра профессоры Молдабеков Жақан Жамбылұлы отандық мәдениеттану тарихына бағытталған –«Қазақтану», яғни көшпенді өркениетінің қалыптасуының ерекшелігін сипаттайтын жаңа өзіндік мәдени бағытты ұсынды. Қазіргі таңда профессордың талантты шәкірттері күрделі де аз зерттелген отандық философия және қазақ мәдениеті мәселесіне қатысты жұмыстарды атқарып жүр. Ол 450-ден астам ғылыми және оқу-әдіснамалық еңбектер жарыққа шығарды. Олардың ішіндегі – монографилар. Идеология приоритет: переход к субъективно-сознательному. А.,1992 (7 п. л.), «Қазақ осы мың өлiп, мың тiрiлген».А.,1998 (12 п.л.), «Государственность Казахстана: эволюция становления» А.,2001 (6 п.л.), Kasachtan. Historia – pojitika. Warszawa. 2000, с. 127-138, «Роль миграции различных этносов в формировании демографической ситуации Казахстана» совместно, 2008),т.б. оқулықтар және оқу құралдары: «Духовное согласие в Казахстане: концептуальный и социально-психологический анализ» (1997), «Роль миграции различных этносов в формировании демографической ситуации Казахстана» «Проблема социокультурной и психологической адаптации оралманов и их вхождение в казахстанское общество» (2009 ж). Ол шығармашылық топтың зерттеу жұмысының жетекшісі сияқты жоспарларды іске асырып жатқан I Халықаралық Философтар және ғылыми әдістанушылар конгресінде қатысты ( Бухарест қ-сы), Варшава университетінің студенттердің және мамандардың алдында (Польша, 1998) және Анкара қаласындағы мемлекеттік емес жоғары мектебінде сөз сөйледі (Турция, 1997). «ҚазҰУ үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпазы (2008) және ғылымға өзіндегі үлесін қосқан үшін стипендиясы марапатына ие болды. Әлеуметтік Ғылым Академиясының Академигі, Акмеологиялық ғылымы және Ұлттық медицина және космоэнергетика ғылымдарының Халықаралық академигі.

Тарихи-философиялық мәселелермен айналысатын, дарынды ғалым, өз мамандығының шебері, профессор Әбдіғалиева Гүлжан Қанайқызы (2008 жылдан бастап кафедра меңгерушісі). Ол 100-ге жуық ғылыми және әдіснамалық статьялардың, монографиялардың, оқулықтардың авторы болып табылады. 2007 жылы әлеуметтік-гуманитарлық ғылым саласында «2006 жылғы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми зерттеу жымысының үздік» дипломының иегері болды.

Мәдени антропологиякафедраның ұжымы

1 курс «мәдениеттану» мамандығыныңстуденттері жәнепрофессорларБайтенова Н.Ж.,Алтаев Ж.А.,Абдигалиева Г.К., Исмагамбетова З.Н.2007г.

Диалектика мәселесі, ойлау мәдениеті, мәденифилософиялық әдіснамалар, тарихи-философиялық және гендерлік мәселеге арналған мақаларымен халықаралық, республикалық және университеттік ғылыми-теоретикалық конференцияларға және халықаралық симпозиумдарға қатысты. Ол жүзден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде жиырмадан астам оқулықтар мен оқу құралдарының, оқу-әдіснамалық құралдар мен методикалық ұсыныстың авторы. Негізгі еңбектері: «ХХ ғ. Батыс философиясы» Алматы, «Қазақ университеті» 2004ж, 6 б.т; «ХХ ғ. Батыс философиясының тарихы», 2007ж, 5 б.т.; «Философия»: оқулық – Алматы: Раритет, 1-3 басылым 2000-2005, 0 б.т.;(қос авторлықта); «Философия» оқулық – Алматы, «Қазақ университеті», 2006, 24 б.т.(қос аторлық); «Саясаттану» Алматы, 2005, 10 б.т; «Политология», Қарағанды, Болашақ, 2008, 15 б.т; «Философия релятивизма в философии», Алматы, 2005, 10 б.т.

ПрофессорЗ.Н. Исмағамбетова жәнеPhD докторанттарЕ.Оңгаров,Ж.Сулейменова.

З.Н.Исмағамбетова философия және мәдениеттану мамандықтарына арнап типтік оқу бағдарламаларын дайындауға атсалысты, мәдениеттану, дінтану мамандықтарының бакалавриатурасы мен магистратурасына арналған. ГОСО-ны құрастыруға белсене қатысты. Ол факультеттің оқу-әдіснамалық жұмысына белсене араласады, «Семиотика және мәдени антропология», «Этнология», «Гендрлік ізденістердің антологиясы», «Мәден антропология», «Мәдениеттің психоаналитикалық тұжырнамасы», «Әлеуметтік-мәдени ізденістердің теориясы және әдіснамасы», т.б. сияқты инновацялық тәсілдер мен элективті курстарды оқу үдерісіне енгізуге өз үлесін қосты.

Философия ғылымдарының докторы, кафедраның профессоры Ақтолқын Тұрлыханқызы Құлсариева Қазақстанда мәдениеттану ілімінің негізін қалаушылардың бірі, аударманы мәдени-өркениеттік феномен ретінде қарастырып келеді. Ол «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына; «Әл-Фараби – Абай: ұрпақтар сабақтастығы» - іргелі бағдарламасына қатысады. ҚР Білім және Ғылым министрлігі ұсынған мәдениеттану, философия, дінтану оқулықтарының,(қос авторлықта қазақ және орыс тілінде) «Мәдениет және өркениет» оқулығы (қос авторлықта), философиялық-мәдениеттанулық энциклопедия (қаз.тілінде), Ш.Монтескьенің «Заңдар рухы жөнінде» (50 б.т.), Әл-Фарабидің «Диалектика» (9 б.т.), «Әріптер кітабы» (10 б.т.) қазақ тіліне аударған, осы еңбектері үшін төмендегідей сыйлықтарға ие: гуманитарлық ғылымдар саласындағы жас ғалымдарға арналған М.Әуезов сыйлығы (2003 ж.), «ЖОО үздік ұстазы» мемлекеттік гранты (2007 ж.). ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Ғылым және техника саласындағы ерен жетістігі үшін» ғылыми стипендиясының иегері. 2008 жылдан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің әкімшілік департаментінің директоры.

Философия ғылымдарының докторы, доцент Әлия Рымғазықызы Масалимова мәдениет тарихындағы маргиналдық мәселесімен айналысады. Ә.Масалимованың ғылыми ізденістер саласы: мәдениет теорясы, мәдени антропология, мәдениет философиясы, этика, гендер. Оның қарастырып жүрген проблематикасы Қазақстанда заманауи гуманитарлық білімдер саласындағы тың тақырыптар санатына жатады.

Ә.Масалимова «Мәдениеттану» мамандығы бойынша (бакалавриат, магистратура) мемлекеттік білім беру стандартын құрастырушы авторлар ұжымының мүшесі. Ол 70-ке жуық ғылыми мақалалар мен еңбектің авторы: «Мәдениеттану» (3 б.т.) пәнінің оқу-әдіснамалық құралы – «Мәдениеттану» (5,3 б.т.) дәрістер жинағы; оқу-құралы «Дәстүрлі мәдениет: маңызы және құндылықтары» (2 б.т.); «Философия және мәдениеттану» оқулықтарын авторлар ұжымында (2001-2004 ж.ж., проф. Т.Х.Ғабитов жетекшілігімен), «Философиялық-мәдениеттанулық энциклопедия» (2004, 2007 ж.ж. қазақ тілінде); ҚР Білім және Ғылым министрлігі ұсынған «Мәдениет және өркениет» оқулығы; «Мәдени антропология» (10,4 б.т.) 2007ж; монография «Феномен магинальности в культуре» (11,5 б.т.). Ол 2006жылы «Әл-Фараби ат.ҚазҰУ-нің үздік жас ғалымы», ал 2008 жылы унверситеттің «Үздік оқытушысы» атанды.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұздік оқутышылары» 2008ж Ж.Ж. Молдабеков,Абирова Б.И.,Масалимова Ә.Р.

Ккафедра ұжымы.Жоғарғыда: Любаев А.В., Аскар Л.А.,Сарсембекова Г.А.,Масанов Е.

Төменде: Кобекова Б.К,Кулсариева А.Т.,Абдигалиева Г.К., Масалимова А.Р.,Габитов Т.Х.,Биаздыкова К.

2001 жылдан бастап «Тамыр» альманағында, «Адам әлемі», «Қазақстан-спектр», «Analytic» журналдарында мақалалары жарық көре бастады.

Кафедраның негізгі ғылыми-зертеу бағыттары

Мәдени антропология кафедрасының ғылыми-ізденістерінің басым бағыттары:

Мәдениеттану саласы бойынша теориялық және қолданбалы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстар ұйымдастыру;

Шығыс, Ислам және Батыс философиясы бойынша тарихи-философиялық зерттеулер жүргізу;

Аксиология мәселелерін мәдени-философиялық зерттеу;

Мәдениеттің тарихы және философиясын әдіснамалық талдау;

Мәдени-антропологиялық және этномәдениеттанулық зерттеулер;

Субмәдениеттік және маргиналдық феномендерді мәденифилософиялық талдау;

Медиа-мәдениет мәселелерін мәдениеттанулық зерттеу.

Кафедраның ПОҚ (ППС) қатысады:

Ғылыми проектілерге және іргелі ғылыми зерттеу бағдарламалар бойынша конкурсқа;

Халықаралық және республикалық конференцияларға.

Кафедраның ПОҚ (ППС) «мәдениеттану» мамандығы бойынша бакалавриат, магистратура, докторантура деңгейлерінде жаңа мемлекеттік стандарттарды құрастыруға қатысады:

Жоғарғы білікті ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындауды, жетілдіруді жалғастырады.

Кафедра мүшелері «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына белсенді қатысып келеді. Олардың жетекшілігімен екі халықаралық конференция ұйымдастырылды: «Қазақ мәдениетіндегі дәстүрлер мен инновациялар» (қараша, 2007ж.), «Ұлттық идея: теория, тарих, қазіргі заман» (қараша, 2008ж.). рлардың материалдары монография, оқулық, оқу құралдар және ғылыми мақалалар ретінде жарияланды. Зерттеулердің бірталай нәтижелері оқыту үрдісіне арнаулы курс және арнайы семинар ретінде енгізілді.

Осы мәселелерді зерттеуде ғылыми топ соңғы жылдары отандық және шетелдік ғалымдармен тығыз байланыста болды. Жобаны іске асырушылар көп жылдардың көлемінде ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің философия және саясаттану институтымен тығыз байланыста «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда (Т.Х.Ғабитов және Ж.Ж.Молдабеков – философия секциясының мүшелері). Біздің ғалымдар Мимар Синан атындағы Мәдениет және Өнер Университетімен (Түркия, Стамбул), «Фатих» Университетімен (Түркия, Анкара), «Диалоги-Евразия» халықаралық платформасымен (Т.Х.Ғабитов – Түркия – РФ – ҚР – басқарма мүшесі), Азиялық философтар ассосациясымен тығыз байланыста ғылыми ізденістер жүргізеді.