ҚазҰУ-да алғаш рет Хундардың бірегей алфавиті таныстырылды

28.11.2018

Көрулер: 14695

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында Алматыда ҚазҰУ-дың әл-Фараби атындағы кітапханасында «Ұлы даланың жеті қыры» атты тарихи-көркем экспозицияның ашылуы өтті.  

Бұл экспозиция Елбасының мақаласында атап өтілген қазақтардың тарихи мұрасының барлық жеті символын бейнелейді. Хундардың бірегей алфавитінің Қазақстанда алғаш рет көрсетілуі сенсациялық оқиға. 136 әріптен тұратын алфавитті қытай ғалымдары Венгрия, Германия, Болгария, Қытай, Норвегия, Монғолия және Ресейден табылған әртүрлі жылдардағы археологиялық олжалар негізінде қалпына келтірген.

«Халықтардың ұлы қоныс аударуы» ретінде бізге жеткен дәуір кезінде Қазақстан, Еуропа мен Азияның осы заманның алғашқы ғасырларындағы ежелгі тарихы көшпелі Хунну тайпаларына қатысты түрлі оқиғаларға толы болғаны белгілі. Алайда, «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалада дәл айтылғандай «еуропацентристік көзқарас сақтар мен ғұндар және басқа да бүгінгі түркі халықтарының арғы бабалары саналатын этностық топтар біздің ұлтымыздың тарихи этногенезінің ажырамас бөлшегі болғаны туралы бұлтартпас фактілерді көруге мүмкіндік берген жоқ», олар әлемдік маңызы бар аса көрнекті мәдени және тарихи мұраларды қалдырған», – дейді ғалым Ғибадат Ғаббасұлы.

Ғалым атап өткендей, алфавиттің алғашқы тоғыз әрпі Моңғолияда Хунну адамы жерленген жерде таза алтыннан жасалған мүсіншеде табылған. Хуннуға тиесілі және Шынды (Қытай) жерінен табылған қола қанжарда 10-нан 50-ге дейінгі әріптер белгіленген. Ал, Венгрияда табылған үшбұрышты аварлардың ағаш сандықшасындағы таңбалар бойынша 51-ден 78-ге дейінгі әріптер қалпына келтірілген. Германияда жүргізілген археологиялық қазба барысында экспонаттардан 79-дан 107-ге дейінгі әріптер анықталды. Болгарияның ежелгі астанасы маңындағы аварлар жерленген мекендегі мәдени экспонаттардан 108-125 әріптері табылды. Сондай-ақ, 126-129 әріптері Норвегияда таралған руникалық таңбалар болып табылады. Монғолия мен Ресейдің көшпелі тайпалары орналасқан ежелгі жерлеу орындары мен аудандарындағы экспонаттардан 130-136 әріптері табылды.

Хунну алфавиті Қытай Халық Республикасының қоғамдық ғылымдар Академиясында Хунну жазбасының болғандығының дәлелі ретінде ресми түрде тіркелген. Қазақстандық тарихшылар, шығыстанушылар мен лингвистердің алдында Қытай мен Монғолия ғалымдарымен бірлесе отырып, Хунну ежелгі тайпаларының тарихы мен мәдениетін, олардың әлемдік өркениетті дамытудағы рөлін тереңірек зерделеп, зерттеу міндеті тұр.

ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі

www.kaznu.kz