Курсы за рубежом для магистрантов

Магистранттарды жазғы семестрге шет елдік іссапарға жіберу реті жөнінде

Құрметті магистранттар!

Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқан магистранттары үшін жазғы демалыс кезінде шет елдердің жетекші білім беру және ғылыми мекемелерінің ұйымдастырумен өтетін жазғы курстарға баратын тамаша мүмкіндік туғанын хабарлайды.

Шет мемлекеттердің жоғарғы оқу орындары ұсынып отырған жазғы оқу курстары жөніндегі ақпарат ҚазҰУ сайтына қойылған (Летний семестр для магистрантов (http://www.kaznu.kz/ru/2918/). Бұл ақпараттың сіздерге тек бағыт беру үшін қойылғаны жайлы және өз мамандықтарыңыз бен ғылыми бағыттарыңызға сәйкес келетін курстарды өз беттеріңізбен іздеп табуға да болатынын ескертеміз.

Шет елдік іссапарға шығу үшін қажетті қаржылық шығынның белгілі мөлшері (300 мың теңге көлемінде) әл-фараби атындағы ҚазҰУ есебінен өтеледі (жол шығындары, 10 күн үшін тұрғын-жай ақысы, курс үшін төленетін ақы т.б.) Егер де іссапардың қаржылық шығындары аталған сомадан асып кететін болса, айырмасын өз қалталарыңыздан төлеу қажет болады.

Шет елдік іссапарды рәсімдеу үшін магистранттар Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институтына (14 қабат, 14-07 бөлме)келесі құжаттарды тапсыруы керек:

  1. оқу курсына тіркелгендігін куәландыратын құжат (тіркелуді растайтын электрондық хат) және шет ел университетінен келген шақыру хатының нотариалды түрде расталған аудармасы);
  2. ректордың атына жазылған өтініш (магистранттың ғылыми жетекшісінің және факультет деканының қолы болуы керек);
  3. кафедра отырысының хаттамасынан магистрантты шет елдік іссапарға ұсыну туралы көшірмесі;
  4. факультет Ғылыми кеңесінің хаттамасынан магистрантты шет елдік іссапарға ұсыну туралы көшірмесі;
  5. магистранттың іссапар уақыты кезіндегі жеке жұмыс жоспары (ғылыми жетекшісі қол қою керек);
  6. шығындар сметасы.

Магистранттың шет елдік іссапарға шығуына кететін қаржылық шығындар сметаcының жобасы ҚазҰУ Қаржылық-экономикалық басқармасымен келісілген болуы керек (6-қабат, 606-бөлме).

Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институты құжаттардың дұрыс рәсімделгенін тексергеннен кейін іссапарға шығу жөніндегі өтінішіне Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институты директорының орынбасары (14-00), халықаралық ынтымақтастық Департаментінің директоры (12 қабат, 12-03 бөлме), Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институтының проректор-директоры (10 қабат, 10-08 бөлме) қол қойып, шет елге шығу жөніндегі Комиссия хаттамасын рәсімдеу үшін халықаралық ынтымақтастық Департаментіне өткізіледі.

Магистрант Комиссия шешімі жазылған хаттаманың көшірмесін халықаралық ынтымақтастық Департаментіне қарайтын шет ел мамандары мен білім алушыларымен жұмыс жүргізу Бөлімінен (12-қабат, 12-05 бөлме) алып, шет елдік іссапар туралы бұйрықты рәсімдеу үшін студенттермен жұмыс жүргізу Бөліміне (14-қабат, 14-04 бөлме) өткізеді.

Магистранттың жеке шотына ақша аудару іссапар туралы бұйрық шыққанна кейін ғана жүзеге асады.

Іссапардан оралғаннан кейін магистрант төменде келтірілген құжаттарды өткізуі керек:

  1. қаржылық-экономикалық басқармаға (6-қабат, 603-бөлме) келген күннен бастап 3 күн ішінде шығындарды растайтын қаржылық есебін;
  2. Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институты мен шет ел мамандары мен білім алушыларымен жұмыс жүргізу Бөліміне іссапар нәтижелері жөнінде жазылған толық есеп (іссапардың жоспарына сәйкес болуы және ғылыми жетекшісінің қолымен расталуы керек), курстан өткендігін, оқу барысында алған бағалары мен кредиттерін куәландыратын серитфикаттың көшірмесін (нотариалды расталған аудармасымен бірге);
  3. шет ел мамандары мен білім алушыларымен жұмыс жүргізу Бөліміне халықаралық ынтымақтасық Департаментіне арналған магистранттың іссапардан оралғандығы туралы ұсыныс шығару үшін ректордың атына жазылған іссапардың аяқталуына байланысты білім алушылар қатарына қайта қабылдау туралы өтінішін (декан қол қою керек);
  4. Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институтына ректордың атына жазылған іссапардың аяқталуына байланысты білім алушылар қатарына қайта қабылдау туралы өтініші мен халықаралық ынтымақтасық Департаментіне арналған магистранттың іссапардан оралғандығы туралы ұсынысын.

Құжаттардың үлгілері осы жерде


Уважаемые магистранты!

Институт послевузовского образования предлагает магистрантам и студентам КазНУ им.аль-Фараби дополнительную информацию о курсах летних школ ведущих зарубежных вузов

Информацию можно найти здесь