ҚазҰУ студенті «ТМД-ның Үздік студентті» атты халықаралық байқауының жеңімпазы

2023 жылдың 8 желтоқсанда Астана қаласында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер академиясының» ұйымдастыруымен Тәуелсіз Мемлекеттер достастығының студенттері арасынды өткізілген «ТМД-ның Үздік студентті» атты халықаралық байқауының жеңімпазы Кумарова Дильназ Қайратқызы! Бұл жобаға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және т.б. елдердің жас ғалымдары мен студенттері қатысты. Бұл халықаралық ынтымақтастықты нығайта отырып, ғылымды дамыту бағытындағы біріктіруші алаң болды.
Сол байқау нәтижесі бойынша әль-Фараби атындағы ҚазҰУ атынан оқытушы Жазира Манарбекқызының жетекшілігімен қатысқан география жерге орналастыру және кадастр кафедрасының «6В07304-Кадастр» мамандығының 3 - курс студенті Кумарова Дильназ Қайратқызы «ТМД-ның Үздік студентті» төбелгісі мен, куәлік және I дәрежелі диплом табыс етілді. Үздік жастардың түрлі-түсті электронды кітап-жинағы табысталып, жетекшісіне электронды алғыс хат берілді. Дильназды жеңісімен құттықтаймыз!

Басылым күні :  22.12.2023