«ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

2023 жылдың 23 қарашасы күні әл-Фараби кітпаханасында География және табиғатты пайдалану факультеті мен География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының 75 жылдығына, профессорлар А.Т. Темірбеков пен Ш.М. Надыровтың мерейтойларына арналған “ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның ашылуында “әл-Фараби атындағы ҚазҰУ” Академиялық мәлелер бойынша Басқарма мүшесі - проректор Еркинбаева Ляззат Калымбековна факультет, кафедра мүшелеін, профессорлар Амангелді Тәжіұлын және Шеріпжан Марупұлын меретойларымен құттықтап, география ғылымына қосқан үлесіне алғыс білдірді.

Конференцияға өзінің құттықтау сөздерін айтуға “География және су қауіпсіздігі институты” АҚ Басқарма төрағасы, география ғылымдарының докторы, профессор, ҚазҰҒА академигі Медеу Ахметқал Рахметоллаұлы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, жараталыстану ғылымдарының деканы Берденов Жарас Галимжанович, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің физикалық-экономикалық география кафедрасының меңгерушісі  Рамазанова Нургуль Есеновна, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институтының директоры Каймулдинова Күләш Дуйсенбайқызы, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің профессорлар оқытушылар құрамы мүшелері келді.

Факультет деканы, география ғылымдарының кандидаты, доцент Актымбаева Алия Сағындыққызы кафедраға өз жылы лебіздерін білдіріп, университет және еліміздің ғылым-инновация саласында жетістіктерін арттыруына үлкен септігін тигізгенің атап өтті.

Сонымен қатар, Қуанышбаев Сейітбек Бекенұлы – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ректоры, Баймырзаев Қуат Маратұлы – І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры, Сэлем мемлекеттік университетінің география және тұрақты даму кафедрасының профессоры Стефен Янг, Орал Федералдық университетінің профессоры Степанов Анатолий Владиславович, Ош мемлекеттік университетінің халықаралық қатынастар факультетінің профессоры Низамиев Абдурашид Гумарович серіктестері өзінің құттықтауларын видеоүндеу арқылы жіберді.

Пленарлық отырыс және құттықтаулардан кейін, секциялық отырыстар келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

- Тұрақты дамудың әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және геосаяси факторлары;

- Тұрақты дамудың физикалық-географиялық, геоэкологиялық аспектілері және табиғатты ұтымды пайдалану;

- Жерге орналастыру және кадастр саласындағы зерттеулер, технологиялар және инновациялар;

- Су ресурстары және климаттық өзгерістер саласындағы ғылыми зерттеулер;

- Тұрақты туризмді дамыту жағдайындағы рекреациялық және туристік әлеует;

- Тұрақты даму үшін картография, ГАЖ-технологиялар және ЖҚЗ;

- Орта және жоғары білім берудегі географиялық білім мен әдіснаманың қазіргі мәселелері.

Секциялық отырыстарда қарастырылған тақырыптар география мен тұрақты дамудың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған. Конференцияның негізгі міндеті ғылыми зерттеулер тәжірибесімен алмасу және қазіргі уақыттағы тұрақты дамудың теориялық және қолданбалы мәселелерін талқылау болып табылады.

Конференция жұмысына белгілі ғалымдар мен практиктер, отандық және шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары қатысты, олардың ішінде Исламдық қаржыландыру маманы Ахмад Афанди Махфудз, Вергун Алексей Петрович, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің «Бастауыш сыныптарда оқыту педагогикасы» кафедрасының оқытушысы Караматова Дильфуза Садиновна, профессор Абубакирова Калкаш Дауренбековна баяндамаларын ерекше атап өтсек болады. 

Басылым күні :  22.12.2023