«ОТБАСЫ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ НЕГІЗІ» конференциясына қатысу

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының аға оқытушысы Кенеспаева Лаура Байырбекқызы 2023 жылғы 20 қазанда Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ БҰҰ-ның Қазақстандағы халық саласындағы және БҰҰ-Әйелдер қорының бастамасымен өткен "Отбасы-Қазақстанның тұрақты дамуының негізі" атты халықаралық конференцияға қатысты.Конференция аясында республикамыздың демографиялық және әлеуметтік саясатының негізгі көрсеткіштері, Қазақстанның демографиясын болжамды бағалау, соңғы 10 жылдағы демографиялық және отбасылық саясат саласындағы жетістіктер, қазақстандық отбасыларды әлеуметтік қолдау және басқа да көптеген мәселелер қаралды. Отбасылық, гендерлік және демографиялық саясат жөніндегі ғылыми ұйымдардың ұлттық консорциумы құрылды.

Басылым күні :  24.10.2023