«Green Recycle» қалдықтарды сұрыптау зауыты

Оқу тәжірибесі кезеңінде (2023 ж. маусым) Алматы қаласы әкімдігінің және белгілі экобелсенді Айгуль Муслимованың қолдауымен «Техникалық физика», «Жылуэнергетика» және «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері «Green Recycle» қалдықтарды сұрыптау зауытында болды.

Студенттер мен оқытушылар кешеннің жұмысымен танысып, алған әсерлерімен бөлісті.

Жунисбаев Али: «Алматы қаласында орналасқан «Green Recycle» қоқыс өңдеу заводы еліміз үшін үлкен бір жетістіктерінің бірі. Себебі, қаланың тазалығы үшін әйнектер, картон қағаздар, жәшіктер, ПЭТ бөтелкелері, пластиктер түрлеріне байланысты сұрыпталып, жаңа шикізаттың пайда болуына әкеледі. Сонымен қатар экологиямыздың жақсаруына септігін тигізеді».

Билибаеева Мадина: «Біз Green Recycle-ға барғанымызда дұрыс шығар, себебі қоқыс қалай өңделеді, қалай пресс қылып жинап қоятынын білдік, негізі жақсы себебі керек мәліметтерді алдық».

Басылым күні :  25.08.2023