«Тарихи тұлғалар» стендінің ашылу салтанаты

02.10.2023

Көрулер: 373

Бүгін Экономика және бизнес жоғары мектебінде тарихи оқиға!

Шара аталып өтілетін Қарттар және 5 қазандағы ұстаздар күніне арналған.

29.09.2023 жылы ЭжБЖМ факультетінің WIZDOW ZONE-да "Тарихи тұлғалар" стендінің ашылуы өтті. Бұл стенд ҚазМУ-дың экономика факультетінің құрылуына, қалыптасуына және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің бүгінгі жұмысына бастау болған барлық атақты экономистерге көрсетілген құрмет.

«Тарихи тұлғалар» стендінің ашылу салтанатына ЭжБЖМ профессорлық-оқытушылық құрамының көрнекті өкілдері, кафедра меңгерушілері және факультеттің жас буын өкілдері қатысты. Жиналғандар алдында Экономика жоғары мектебінің деканы Л.А.Бимендиева, э.ғ.д., профессор С.Н.Нысанбаев, э.ғ.д., профессор Жатқанбаев Е.Б. сөз сөйледі.