Халықаралық қүқық кафедрысы

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіннің халықаралық қатынастар факультетіндегі халықаралық құқық кафедрасы Қазақстан Республикасында халықаралық құқық саласында мамандырылған заңгерлерді дайындау бойынша жетекші орынға ие орталық болып табылады. Кафедра 1990-2000 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің құрамында болатын.

1990-2000 жылдары алғашқы кафедра меңгерушісі және ұйымдастырушысы заң ғылымдарының докторы, профессор М.А. Сарсембаев болды, яғни бірінші рет Қазақстанда халықаралық құқық-12.00.10. мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің ашылуына және бірінші ғылыми кадрларды дайындауға ықпал етті.

2000 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін кафедра меңгерушісі з.ғ.к., доцент С.Ж. Айдарбаев атқарады (2004 жылдан 2008 жылдың қыркүйегіне дейін оның докторантурада оқуына байланысты кафедра меңгерушісінің міндеттерін з.ғ.к., доцент С.М. Досымбекова атқарды).

Халықаралық құқық кафедрасында қазіргі уақытта 24 оқытушы қызмет атқарады, оның ішінде: 1-ҚР ҰҒА академигі з.ғ.д., профессор С.Н. Сабикенов, халықаралық құқық мамандығы бойынша ғылыми кадрларды дайындауға елеулі көмек көрсуде;

11 заң ғылымдарының кандидатары - доценттер С.Ж. Айдарбаев, Ж.М.Аманжолов, Ж.Т. Сайрамбаева, Г.Б. Испаева, М.С. Досымбекова, Г.А. Машимбаева, С.М. Сылкина, Т.К. Ерджанов, Т.Б. Сеитов, М.А. Толеген, А.С. Сабикенова және басқа да жас оқытушылар.

Кафедра оқытушыларымен алғаш рет Қазақстанда Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен Республикадағы барлық жоғарғы оқу орындары қолдану үшін мемлекеттік стандарттар, арнайы курстар және оқу құралдары жасалды.

Кафедрада «Халықаралық заңгер» атты студенттік ғылыми үйірмесі жасайды, оған факультеттің студенттері белсенді түрде қатысады.

Халықаралық құқық кафедрасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғарғы білім беру стандарттарына сәйкес халықаралық құқық бакалавры 050403 шифрі бойынша мамандарын дайындайды.

«Халықаралық құқық» мамандығы бойынша студенттердің білім алуы қазақ және орыс тілдерінде сонымен қатар шет тілдерін терең меңгерумен жүргізіледі.

2001 жылдан халықаралық құқық 6N0302 шифрі бойынша екі жылдық мерзіммен магистратураға оқуға қабылдау басталды. Кейіннен 2005 жылы халықаралық құқық 6В0028 шифрі бойынша үш жылдық мерзіммен оқу оның аясында отандық және шетел ғылыми жетекшісімен оған қоса ізденушінің әйгілі ғылыми Еуропа, АҚШ, Қытай орталықтарында ғылыми іс сапарлары қарастырылған.

Халықаралық құқық кафедрасы ғылыми-оқытушылық кадрларымен сонымен қатар жас ғалымдарды алыс және жақын шетелдегі мемлекеттерге оның ішінде Ресей, Ұлыбритания, Қытай және тағыда басқа тәжірибесімен ауыстыуды жүзеге асыруда.

Ресей Федерациясының Сырқы істер министрлігі (қ.Мәскеу) МГИМО (У), Өзбекстан Ұлттық университетімен (қ.Ташкент), тағыда басқа жоғарғы оқу орындарымен кафедра оқу және ғылыми әдебиеттерімен, бағдарлама материалдарымен алмасады.

Кафедра халықаралық құқықтың өзекті мәселелері бойынша университеттік, республикалық, және халықаралық конференцияларды жиі ұйымдастырады және сонымен қатар студенттер мен магистранттар арасында құқық қорғау органдарының қызметкерлерін халықаралық ұйымдар мен Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарын шақырумен белсенді түрде тәрбиелік жұмыс атқарылады.

Нашақорлықпен күресу жөніндегі конференциясы




Халықаралық құқық мамандығы бойынша оқитын студенттер үшін ғылыми шығармашылық, қоғамдық қызмет, аясында өздерінің потенциялын жүзеге асыру үшін кең мүмкіндіктері бар. Олар факультеттік, университеттік, жоғары оқу орындары арасында және халықаралық ғылыми конференцияларда, дебаттар мен конкурстарда қатысуға мүмкіндіктері бар.


Олардың ішінде халықаралық жария құқығы бойынша Ф. Джесеп атындағы, Ф. Мартенс атындағы қарулық қақтығыс құқығы бойынша байқауды міндетті түрде ерекше атап отыра, онда ҚазҰУ халықаралық құқық кафедрасының студенттері дәстүрлі түрде жоғарғы деңгейдегі көрсеткіштеріге ие болып отырады. Мысалы ретінде, 2010 жылы Астана қаласында Ф. Джессеп атындағы халықаралық байқаудың ұлттық сайысының финалында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық кафедрасының студеттері мен магистранттарынан құралған команда бірінші орынға ие болды.

Кафедра Қазақстандағы аккредиттелген халықаралық ұйымдардың өкілдіктерімен БҰҰДБ, ЕҚЫҰ, босқындар ісі жөнінде БҰҰ Жоғарғы Басқару комиссары, ЕврАзЭҚ, қызыл крест халықаралық комитеті, «Еуразия», Ф.Эберт фондтары, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар «Халықаралық түрме реформасы» және адам құқықтары жөніндегі Қазақстандық американдық бюро оған қоса Қазақстанның халықаралық құқық ассоциасымен тұрақты ынтымақтастықты арнай іс шаралармен жүзеге астырады.

Халықаралық құқық кафедрасы мемлекеттік органдармен атап айтсақ, ҚР ішкі істер министрлігі, кедендік бақылау комитеті, Алматы қаласының Әділет департаменті, Алматы қаласаның әкімшілік соты т.б. мекемелерімен тығыз ынтымақтастықта отырып олармен оқу танысу және өндірістік тәжірибеден өту туралы шарттар жасалған.

«Халықаралық құқық» мамандығының ерекшелігі болып, оның түлектері жалпы заңи пәндер бойынша және халықаралық құқықтың әртүрлі салаларын біле отырып сонымен қатар шетел тілдерін терең меңгере білуі жұмысқа тұру үшін үлкен спектр бар.