"ЖЫЛУ ЭНЕРГЕТИКАСЫ 227" тобы "Ең үздік студенттік топ 2019" 3 орын иегері

19.04.2019

Көрулер: 2591

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен өткен "Ең үздік студенттік топ 2019" жобасы ақтық мәреге жетті. Факультет атынан қатысқан "Жылу энергетикасы 227" топ, куратор-эдвайзер Рахат Бақытжан Темірланұлы, жүлделі 3 орыннан көрінді. 3 айға созылған аталмыш сайысқа 15 факультеттен 15 студенттік топ қатысты. Финалға дейін жеткен 6 факультет соңғы кезеңде әлеуметтік-инновациялық жобалар қорғады. Әр факультет өз мамандықтарына сәйкес жобалар ұсынып, қазылар алқасының сұрақтарына кідірмей жауап беріп, көріне алды. 

"Жылу энергетикасы 227" тобы өз ұйымшылдықтарымен көзге түсіп, әр кезең сайын алдыңғы қатарлардан көріне білді. Финалдық кезеңде жобаларын үздік қорғап, жүлделі 3 орын иеленді және Шарын шатқалына жолдамамен топ студенттері үшін марапатталды. Топ студенті Қорабай Назерке "Көшбасшы студент" номинациясы ие болып, Зергер орталығының сыйлығына ие болды.