Халықаралық қатынастар және Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты кафедрасы

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА КАФЕДРАСЫ

Қазақстан Ресрубликасының мемлекеттік егемендігін жариялап, әлемдік қауымдастыққа кіргеннен кейін сырқы саяси мекемелерде қызмет атқару үшін жоғарғы квалификациялы кадрларды дайындау қажеттілігі туындады. Осыған байланысты, профессор Ж.У Ибрашевтің ұсынысымен мамандықтардың республикалық класификаторы қатарына кірген, «халықаралық қатынастар» мамандығы ашылды. 1992ж осы мамандық аясында, тарих факультетінің көлемінде халықаралық қатынастар және Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты кафедрасы құрылды. 1995ж бұл кафедра қайта құрылған халықыаралық қатынастар факультеті құрамына кірді. Кафедраның тұңғыш меңгерушісі Қазақстанда танымал ғалым, тарихшы, т.ғ.к., профессор Жарас Умарұлы Ибрашев еді. Әр түрлі жылдарда кафедраны т.ғ.д., проф. Қ.Е. Байзақова, т.ғ.д., проф. Ф.Т. Кукеева және т.ғ.д., доцент С.Ж. Сапанов басқарды. 2010 ж. 01 қыркүйегінен бастап кафедраны т.ғ.к., доцент Е.С. Чукубаев басқаруда.

Халықаралық қатынастар және Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты кафедрасы бакалаврларды, магистрларды, ал 2005 ж. бастап «халықарадық қатынастар» мамандығы бойынша PhD докторларын дайындауда.

Халықаралық қатынастар кафедрасында 23 оқытушы, олардың ішінде «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша 8 ғылым докторлары, 14 ғылым кандидаттары, 1 PhD доктор қызмет атқаруда.

АЙМАҚТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ ТАРИХЫ

2002 жылы факультетте «аймақтану» мамандығы бойынша мамандар әзірлеу ісіне дайындық басталды.
Аймақтану


Бұл мамандық аясында белгілі бір аймақ елдерін өзара байланыста, кешенді түрде оқыту, сол аймақтағы халықаралық қатынастарды, тиісті халықаралық ұйымдарды, аймақтық бірлестіктерді, сондай-ақ әлемдік және аймақтық саясаттың, экономиканың дамуын, аймақтық қауіпсіздікті және таңдау бойынша екі шет тілін тереңдетіп оқыту қарастырылады. Аталған мамандық аясында мына аймақтар бойынша мамандану жүзеге асырылады: Азия-Тынық мұхит аймағы (АТМА), Батыс Еуропа аймағы, АҚШ және Канада аймағы, Таяу Шығыс және Орталық Азия аймақтары. Бұл аймақтарды оқыту олардың әрқайсысын саяси, экономикалық және мәдени тұрғыдан кешенді, тұтастық тұрғыда қарастыруды, сондай-ақ аймақтық ішкі үдерістерді, аймақ елдерінің сыртқы экономикалық қызметін оқытуды көздейді.

1992-2007жж. аралығында кафедра «халықаралық қатынастар» және «аймақтану» мамандықтары бойынша мамандар дайындауды қамтамасыз етті. 2007ж. «Аймақтану» бөлімі өз алдына кафедра болып бөлініп шықты.
Аймақтану және әлемдік экономика кафедрасы 2007ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының бұйрығына сәйкес, әлемдік экономика кафедрасы мен бұған дейін халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасының құрамында жұмыс істеген аймақтану бөлімін біріктіру негізінде құрылды. 2007-2009жж. кафедраны тарих ғылымдарының докторы, доцент И.А. Черных басқарды, 2009 жылдан тарих ғылымдарының докторы, профессор К.Н.Мақашева басқарады. Кафедра «аймақтану» мамандығын одан әрі дамытуда, осы мамандық бойынша бітіртуші, яғни мамандар дайындаушы кафедра болып табылады. Қазіргі таңда кафедрада 5 ғылым докторы - Р.Е.Елемесов, К.Қ.Қожахметов, К.Н.Мақашева, И.А.Черных, Г.А. Мовкебаева 6 ғылым кандидаты, доценттер - М.Ауған, Б.З. Бөжеева, М.С.Мырзабеков, Қ.А.Жүніс, Г.А.Оразбаева, А.М.Мырзахметова бар. Аймақтану және әлемдік экономика кафедрасы жас кафедра болып табылады.
Аймақтану және әлемдік экономика кафедрасының құрылуы жаһандану және интернационалдану үдерістерінің, сондай-ақ аймақтық бірлесулер мен халықаралық қатынастардағы аймақтық шағын жүйелердің айрықша өсіп отырған кезеңінде «аймақтану» және «әлемдік экономика» мамандықтарын дамытуға сұраныстың өсумен байланысты.
Қазақстанның және әлемдік қауымдастықтың қазіргі таңдағы даму жағдайында аймақтанушы маман еңбек нарығында сұранысқа ие. Аталған мамандық шет елдік серіктестермен байланысы бар ұйымдарда жұмыс істейтін мамандар дайындауды қарастырады. Бітіруші маман кеңесші, референт, дипломатиялық қызметкер, ғылыми қызметкер, мемлекеттік органдарда, сондай-ақ мемлекттік және мемлекеттік емес ұйымдарда сарапшы бола алады, сонымен қатар ғылым және білім мекемелерінде жұмыс істей алады.
Халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы жүйесінде Қазақстан Республикасының ұстанымын нығайту, оның сыртқы байланыстарын дамыту үшін біздің елімізге аналитикалық жұмыстарға, келіссөздер жүргізуге және халықаралық бағдарламаларды үйлестіруге дайындығы бар, басқа да сыртқы байланыстар саласында қызмет істей алатын жоғары білікті аймақтанушы-мамандар қажет.
«Аймақтану» мамандығы аясында пәндерді оқыту белгілі бір аймақ елдерін өзара байланыста зерттеуге, сол аймақтағы халықаралық қатынастарды, тиісті халықаралық ұйымдар мен аймақтық бірлестіктерді, сондай-ақ әлемдік және аймақтық саясаттың дамуы мен аймақтық қауіпсіздікті кешенді түрде оқытуға бағытталған.
Кафедра бакалавриат бағдарламасы аясында аймақтану мамандығы бойынша 4 (төрт) бағытта мамандар дайындайды. Ол бағыттар мыналар: Азия-Тынық мұхит аймағы (АТМА), Таяу Шығыс (араб елдері), Батыс Еуропа және АҚШ пен Канада.