6B02103 Медиадизайн

 

Білім беру бағдарламасы

6B02103 Медиадизайн

Білім саласы

6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

Дайындық бағыты

6B021 Өнер

Білім беру бағдарламаларының тобы

B031 Сән, дизайн

Мақсаты

Білім беру бағдарламасы бұқаралық ақпарат құралдарын әзірлеу бойынша дизайнерлік міндеттерді шешуге, медиа-басылымды, оның фирмалық стилін жасауға, шығармашылық қызметте графикалық композицияның негізгі заңдарын білуге және қолдануға, шығармашылық дизайн жасай білуге, БАҚ дизайнының компьютерлік бағдарламаларын меңгеруге, жарнамалық материалдарды, сайттарды жасауға және қалыптастыруға қабілетті дизайнер-маманды кәсіби даярлауға бағытталған.

Оқыту тілі

орыс, қазақ, ағылшын

Кредиттердің көлемі

300

Берілетін академиялық дәреже

Бакалавр

Оқытудың нәтижесі

  1. Зияткерлік меншіктің құқықтық негіздерін, кәсіпкерлік негіздерін, отандық және әлемдік БАҚ-тың даму тарихын, әлемдік және ұлттық мәдениетті, заманауи медиа кеңістіктің мобильді ортасын қолдана отырып медиа-дизайн жобаларын әзірлеу.
  2. Моушн дизайн технологияларын меңгеру, қозғалатын заттарды жасай білу, телебағдарламалар, бейнефильмдер ресімдеу, мультипликациялық анимация жасау және флешанимация технологияларын меңгеру.
  3. Баспа өнімдерін безендіру бойынша медиа дизайнның компьютерлік бағдарламаларын меңгеру, баспа басылымдарын – газеттер, журналдар, кітаптар құру, баспа БАҚ - тың әртүрлі форматтарын құру элементтерін білу.
  4. Әртүрлі компьютерлік бағдарламаларда сайт құру, веб-дизайн технологияларын меңгеру, сайтты құра білу, сайтты басылымның немесе компанияның тақырыбы мен бағыты бойынша жобалау.
  5. Жарнама өнімдерін жасау - жарнамалық роликтер, буклеттер, постерлер, банерлік жарнама технологияларын меңгеру, және т.б.
  6. Мультимедиялық медиа өнімдерін – бейнефильмдер, мәтіндер, жаңалықтар, түрлі форматтардығы ақпараттар - инфотейнмент, лонгридтер, сторителлингтер жасау.
  7. Түстану әдістері, қаріптерді қолдану, түс функцияларын, оның реңктерін, негізгі және құрама түстерін саралау. түс реңктерін, хиароскуроны, контрасттарды, нюанстарды және түстердің қанықтылығын дұрыс қолдану.
  8. Түстану әдістері, қаріптерді қолдану, түс функцияларын, оның реңктерін, негізгі және құрама түстерін саралау. түс реңктерін, хиароскуроны, контрасттарды, нюанстарды және түстердің қанықтылығын дұрыс қолдану.
  9. Фотосурет өнерінің технологияларын меңгеру, фотосуреттерді өңдей білу, фоторепортаждар жасау, түрлі жанрларда фотоақпарат ұсыну.
  10. Танымал технологиялар негізінде өзіндік авторлық түпнұсқа дизайн-макеттер, фирмалық стиль жасау; фото-дизайнда, моушн дизайнында, инфографикада және анимацияда соңғы компьютерлік бағдарламаларды пайдалану.
  11. Ақпаратты тарату технологияларын, цифрлық маркетинг негіздерін меңгеру, көрнекі ақпаратты қабылдау психологиясын білу, қарым-қатынастың коммуникативтік технологияларын және дизайн психологиясын меңгеру.
  12. Қазіргі визуалды коммуникация саласындағы сапалық өзгерістер мен жаңа тенденцияларды іс жүзінде жүзеге асыру.

Талапкерлерге

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/bachelor/speciality/2109

Академиялық қызметі

 

Ғылыми қызметі

 

Халықаралық қызметі

 

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)