Қазақстан жазушыларымен онлайн кездесу

ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы «100 кітап» жобасы аясында белгілі жазушы, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Адам Мекебаевтың 80 жылдық мерейтойына орай «Қаламгер келбеті» тақырыбында 2020 жылдың 28 сәуірінде сағат 15.00-де өткен онлайн-сұхбат кездесу өтті.  Ф.ғ.к., доцент Раушан Әбдіқұлова модератор міндетін атқарды.  https://us02web.zoom.us/j/87503937865

ОНЛАЙН КЕЗДЕСУДІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚОНАҚТАРЫ:

  1.  Марал Ысқақбай - белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
  2. Ахат Жақсыбаев - белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты; 
  3. Ғалым Жайлыбай - ақын, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері; 
  4. Жүсіпбек Қорғасбек - белгілі жазушы, «Тарлан –Үміт» сыйлығының иегері, ҚР Президентінің Бұқаралық ақпарат саласындағы сыйлығының лауреаты;
  5. Бауыржан Жақып - ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма Төрағасының орынбасары;
  6. Сансызбай Құттыбаев - ақын, Мемлекет және қоғам қайраткері (Інісі);
  7. Темірхан Тебегенов- әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор;
  8. Гүлжамиля Ескөбек - Адам Мекебаевтың жары.

 

Шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушылары, докторанттары мен магистранттары, студенттері, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары қатысты.

Онлайн байланыс барысында Адам Мекебаевтың өмірі мен қызметі жайлы тың әрі қызықты мәліметтер айтылып, жазушының қаламынан шыққан шығармалар, повестер мен романдары, әдеби-шығармашылық мұрасының маңыздылығы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесі сөз етілді.