Дене шынықтыру және спорт кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, жас ғалымдары мен студенттерінің Литва және Жапониядан келген шетелдік ғалымдармен кездесуі
Көрулер: 1226
2022 жылдың 13 қазанында Дене шынықтыру және спорт кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, жас ғалымдар және студенттер арасында Литвадан келген шетелдік ғалымдар Казыс Милашиус – биология ғылымдарының докторы, Витаутас Магнус университетінің профессоры және Жапониядан Сакурай Томонобу – PhD докторы, Тоин университетінің профессоры онлайн кездесуі өтті.
Кафедраның оқу үдерісіне магистранттар мен докторанттарға лекциялар мен семинарлар оқу, сондай-ақ әріптестік байланыстарды дамыту және шет мемлекеттердің озық технологиялары мен инновациялық әдістерін меңгеру үшін шақырылған профессорлар тартылады.
Кездесу барысында кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. Искакова А.Д. шетелдік ғалымдарға алғысын білдірді және ғылыми семинарлар, халықаралық конференциялар ұйымдастыру және өткізу, бірлескен мақалалар мен оқу құралдарын шығару, ғылыми тағылымдамадан өту және ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою бойынша халықаралық ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруды ұсынды. Өз кезегінде келген профессорлар да өздерінің ғылыми қызметтерімен, ғылыми бағыттарымен қуана бөлісті.
Бөлім басшысының орынбасары Әділжанова М.И. университетіміздің ғылыми және халықаралық қызметі, дене шынықтыру және спорт кафедрасының қызметі туралы мәліметтермен таныстырды.
Кездесу барысында дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушылары мен шақырылған профессорлар бір-біріне қызықты сұрақтар қойды.
Кездесу жылы және достық жағдайда өтті.