Жаңалықтар

2004 жылы жүзуден ұлдар мен қыздар арасында «Жетісу кубогы» республикалық турнирі

22.12.2021

2021 жылғы 20 желтоқсан мен 22 желтоқсан аралығында Талдықорған қаласында (ҚР) жүзуден 2004 жылғы ұлдар мен қыздар арасында «Жетісу кубогы» республикалық турнирі өтті, онда «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша медицина және денсаулық факультетінің 1 курс студенті Мелисова Әсем 800 метрге еркін жүзуде 10,10,89 ұпаймен 2 орын, 100 метрге еркін жүзуде 1,03,31 ұпаймен 3 орын, 400 метрге еркін жүзуден 4,57,68 ұпаймен 3 орын алды.

Ары қарай оқу >>

Семсерлесуден Қазақстан Республикасының Чемпионаты 2021 ж.

20.12.2021

2021 жылғы 10 желтоқсан мен 20 желтоқсан аралығында Алматы қаласында (ҚР) семсерлесуден ересектер мен кадеттер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл жарыстарда «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша Медицина және денсаулық факультетінің 1 курс студенті Нурумов Ғалым рапирамен семсерлесу бойынша 1 орынды иеленді.

Ары қарай оқу >>

Профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттер арасында футзалдан достық кездесу

15.12.2021

2021 жылдың 15 желтоқсанында «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт клубымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орай профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттер арасында футзалдан жолдастық кездесу өткізді.

Аталған тартыста достық жеңді, кездесу 8:8 есебімен аяқталды.

Ары қарай оқу >>

Мәдениет және спорт министрлігі және дене тәрбиесі комитетінің «Қаркен Ахметов атындағы республикалық мамандандырылған Олимпиада резерві-мектеп-интернат-колледжі» базасында педагогикалық (жаттықтырушылық) тәжірибесі өтті.

12.12.2021

2021 жылдың 1 қыркүйек пен 11 желтоқсан аралығында Мәдениет және спорт министрлігі және дене тәрбиесі комитетінің «Қаркен Ахметов атындағы республикалық мамандандырылған Олимпиада резерві-мектеп-интернат-колледжі» базасында дене шынықтыру және спорт кафедрасының 4 курс және 3 курс (қысқартылған) студенттері 15 апталық педагогикалық (жаттықтырушылық)) тәжірибесінен өтті.

Ары қарай оқу >>

Әйелдер арасындағы дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты 2021 ж

25.11.2021

2021 жылғы 19 қараша мен 21 қараша аралығында Орал қаласында (ҚР) әйелдер арасында дзюдодан Қазақстан Республикасы чемпионатының жарысы өтті. Чемпионаттың қола жүлдегері 52 кг салмақ дәрежесінде Медицина және денсаулық факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Аипова Диана атанды.

Ары қарай оқу >>

Ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты 2021 ж.

25.11.2021

2021 жылдың 25 қарашада Талдықорғанда (ҚР) ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша медицина және денсаулық факультетінің 1 курс студенті Сейітқазы Еламан 89 келі салмақта серпе көтеруде 340 келіні бағындырып, чемпион атанды.

Ары қарай оқу >>

Дзюдодан әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты 2021 ж.

21.11.2021

2021 жылғы 19 қараша мен 21 қараша аралығында Орал қаласында (ҚР) әйелдер арасында дзюдодан Қазақстан Республикасы чемпионатының жарысы өтті. 48 келі салмақ дәрежесінде Медицина және денсаулық факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Әбужакынова Абиба чемпион атанды.

Ары қарай оқу >>

Чемпионат Республики Казахстан по қазақ күресі 2021 г.

14.11.2021

2021 жылдың 10 қарашасы мен 14 қарашасы аралығында 4-ші чемпионат Семей қаласында (ҚР) Қазақ күресінен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, онда Медицина және денсаулық факультетінің дене шынықтыру және мамандығы бойынша 3 курс студенті А. Спорт Зейнуллақызы Аяна 48 келі салмақта қола жүлдені жеңіп алды.

Ары қарай оқу >>

Асыл Айтақын еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

08.11.2021

2021 жылдың 8 қарашасында Белградта (Сербия) еркін күрестен әлем чемпионаты өтті. 61 келі салмақта «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша Медицина және денсаулық факультетінің 2 курс студенті Асыл Айтақын қола жүлдегер атанды. Үшінші орын үшін белдесу кезінде ол венгр Гамзатгаджи Халидовтан мықты болды.

Ары қарай оқу >>

Дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты 2021 ж

22.10.2021

2021 жылғы 19 қараша мен 21 қараша аралығында Орал қаласында (ҚР) дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, онда «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша медицина және денсаулық факультетінің 1 курс студенті Буркеева Диана қатысып, 48 келі салмақта 2 орынды жеңіп алды.

Ары қарай оқу >>