Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, эдвайзерлік сағат өтті

5-сәу-21

Көрулер: 1667

"Менеджмент" кафедрасында біздің сүйікті еліміз - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс - шаралар бастау алды. Әрине, бұл іс – шаралар сериясын болашақ мемлекеттік қызметшілер- МжЖБ К-2 үшінші курс тобы (топ басшысы-Қасымов Жандар) ашты.

Бірінші курстан бастап, бұл топтың белсенділігін байқадым. Студенттер белсенді азаматтық ұстанымдарымен, өзара тату. Өздерінің эдвайзерлері Есенжігітова Райгүл Ғазымбекқызына құрметпен қарайды, оның барлық бастамаларын қолдайды, ашуландыруға тырыспайды. Міне, бүгін де олар бірінші болып елге деген сүйіспеншілігін, Қазақстан Республикасының бірінші басшыларына ерекше құрмет пен қарым-қатынасын білдіруге тырысты.

"Елбасы - ел тірегі", тақырыбында сағат 14.00-ден 15.00-ге дейін онлайн эдвайзерлік сағат өтті, топтың дайындауымен және жүргізушілері Рысбай Лана мен Ауғанбаев Сапар болды. Жүргізушілердің баяндамалары слайдтармен сүйемелденді. Әрине, шара дәстүрлі домбыраның үнінсіз өткен жоқ, Таждинов Нұрсұлтанның орындауында, және Даулет Бекзат Бірінші Президентке авторлық өлеңін арнады.

Ашық эдвайзерлік сағатта "Менеджмент" кафедрасының оқытушылары А.Досмбек, Г. Ғалымқызы және маман Г. Баржаксыева, сондай-ақ "Қаржы және есеп" кафедрасының оқытушысы А. Қыздарбекова қатысты. Біз, қонақтар мен қатысушылар ретінде де шетте қалмадық, барлығы сөз сөйлеп, біздің студенттерге, болашақ мемлекеттік қызметшілерге Елбасы ісінің лайықты жалғастырушысы болуларына тілек білдірді.

 

 

«Менеджмен» кафедрасы меңгерушісінің

оқыту-әдістемелік және тәрбие

жұмысы бойынша орынбасары

э.ғ.к., профессор м.а. 

Татьяна Сергеевна Сокира