«Менеджмент» кафедрасының докторанттары онлайн-семинарға қатысты

30-нау-21

Көрулер: 1498

"Менеджмент" кафедрасының докторанттары онлайн-семинарға қатысты.

2021 жылдың 30-наурызында Экономика және бизнес жоғары мектебінде Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Деректерді талдауда экономика-математикалық әдістерді пайдалану» тақырыбында онлайн-семинар өтті.

Семинар спикері: PhD Темербулатова Жансая Серікқызы.

Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды:

- Эконометрикалық әдістерді қолдану;

- Деректерді жинау, деректердің түрлері;

- Сипаттамалық талдау, корреляциялық талдау;

- Пирсонның жұптық корреляция коэффициенті, корреляциялық матрица;

- Шашырау диаграммасы;

- Панельдік деректерді пайдаланудың артықшылықтары;

- Панельдік деректерді талдау нәтижелерін ұсыну;

- Модель теңдеуі.