2021 жылы 26 ақпанда 1 курс Менеджмент тобының куратор-эдвайзері Ержанова Ә.М. "Діни экстремизм, терроризм — бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп" тақырыбында эдвайзерлік сағат өткізді.

26-ақп-21

Көрулер: 1714

Эдвайзерлік сағат барысында студенттерге арнайы видео көрсетілді және түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Студенттермен бірге қазіргі кездегі салт - дәстүр, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай - ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек діни ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары туралы талқыланды. Сонымен қатар, студенттер Алматы қалалық дін істері басқармасының ұсынуымен жат ағымға қалай қарсы тұру жолдары мен салдары туралы танысты.