«Менеджмент» мамандығының 1 курс магистранты педагогикалық тәжірибесін бастады

8-ақп-21

Көрулер: 1645

2021 жылдың 8 ақпан күнінен бастап Экономика және бизнес жоғары мектебі «Менеджмент» кафедрасы «Менеджмент» мамандығының 1 курс магистранты Ільяс Айгерім Рахманбердіқызы педагогикалық тәжірибесін бастады. Айгерім Рахманбердіқызы 2 курс студенттеріне «Бизнесті ұйымдастыру» сабағынан лекциялық және семинар сабақтарын өткізуде. Атап айтар болсақ, «Менеджмент» мамандығының 2 курс топтарына сабақ өтуде. Сабақ барысында Айгерім Рахманбердіқызы   өзіндік тәжірибесімен бөлісіп, студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын оятып, студенттермен ашық пікір алмасу методикаларын қолдануда.

Алдағы уақытта Айгерім Рахманбердіқызы   аталмыш топтарда «Бизнесті ұйымдастыру» сабағынан ашық сабақ өтуді жоспарлауда.