«Менеджмент» кафедрасының докторанттары онлайн-семинарға қатысты

3-ақп-21

Көрулер: 1426

2021 жылдың 3-ақпанында Экономика және бизнес жоғары мектебінде Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен «PhD докторантураны жобалық BOSCARDI тәсілі арқылы басқару» тақырыбында онлайн-семинар өтті

 

Семинар спикері: Ақзамбекқызы Ақбота-PMI PMP, өзгерістер көшбасшысы "Ел Үміті", ҚР СПМ ЦСС директоры.

Семинардың мақсаты:

- Ғылыми жобаларды басқару бойынша BOSCARDI жобалық тәсілін оқыту;

- PhD оқыту үлгісінде жобалық құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру;

- Болашақ ғылыми жобаларда алған білімдерін меңгеруді үйрету.