ЭжБЖМ «Студенттер кеңесі»
Көрулер: 1199
ЭжБЖМ «Студенттер кеңесі»
Аталмыш ұйымның негізгі мақсаты ҚазҰУ қалашығының дамуына үлес қосу ғана емес, жатақханалардың тазалығы мен тәртібін қадағалау, сонымен қатар іс-шаралар ұйымдастыру (спорт шаралары, әртүрлі тақырыптағы пікір алмасу, көңіл-көтеру кештері). Жоғары студенттік кеңес студенттердегі отан сүйгіштік қасиеттің дамуына және олардыңруханидамуына үлес қосады. Студент кеңсесіүшінәрбір студент маңызды.
Жоғары студенттік кеңес танымал ғалымдармен, қоғам қайраткерлерімен, Қазақстандық эстрада жұлдыздармен кездесу ұйымдастырады, конференциялар мен әртүрлі тақырыптағы кездесулер өткізеді. Сол себепті, Жоғары студенттік кеңесі жастардың дамуында ерекше орыналады.
Жоғарғы Студенттер Кеңесінің мақсаттары:
- · «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты» туралы заңын орындау;
- · Университет жастары мен студенттерінің өзін-өзі басқаруын жан-жақты дамыту;
- · Жатақxанада тұратын студенттердің азаматтық рөлі мен жауапкершілігін дамыту;
- · Студенттік жастардың отан сүйгіштік рухын үйлесімді дамыту;
- · Қоғам игілігіне студенттердің тұлғалық және интеллектуалдық, потенциалдық мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасау.
Ұйымның қызметтері:
- · Жоғарғы студенттік кеңестің жоспарын құрастыру, сондай-ақ жатақхана жұмысының жылдық жоспарының орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;
- · Жатақханада тұратын студенттердің аттестациялық жұмысын жүргізуді жатақхана төрағаларынан талап ету;
- · Жатақханаға студенттерді орналастыру туралы шешімнің қабылдануын қадағалау;
- · Жатақханада тұратын студенттердің әлеуметтік және басқа да құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
- · Жатақханада тұратын студенттерді жатақханадағы және университеттегі мәдени-жалпыламалық және басқа да іс-шараларға қатыстыру;
«ЭжБЖМ Студенттер Кеңесі» төрайымы: Төкен Ұлбосын Бауыржанқызы.
Телефон: +7 747 543 46 98