ДОСТЫҚ ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚ КӨПІРЛЕРІ

25-ақп-21

Көрулер: 1839

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы 2021 жылдың 21 ақпан күні сағат 13:00-де "Ғылыми әңгімелер" циклынан "Профессор О.А. Сұлтанияев: достық пен жасампаздық көпірі" тақырыбында іс-шара өткізеді.

       Іс-шара "Altair" балалар кітабы академиясы мен "Дәуір және тұлға" ғылыми-ағартушылық жоба ұжымының қатысуымен ZOOM платформасында онлайн-форматта өтті.

       Кездесуге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің (Алматы қ.), Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің (Нұр-сұлтан қ.), Еуразия гуманитарлық институтының (Нұр-сұлтан қ.), Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің (Көкшетау қ.), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің (Шымкент қ.), РХДУ (Мәскеу қ.), Ж. Баласағұн атындағы ҚҰУ көпсалалы колледжінің (Бішкек қ.) студенттері, магистранттары, докторанттары мен оқытушылары қатысты. Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқитын шетелдік студенттер мен докторанттар белсенді түрде қатысты.

       Профессор Огаз Арыстанғалиұлы Сұлтанияевтің туған күнінде қонақтар мен қатысушылар ғалымның жеке тұлғасының ауқымы мен оның ғылыми, педагогикалық қызығушылықтары туралы әңгімеледі.

       Кездесу 21 ақпанда дәстүрлі түрде атап өтілетін Халықаралық ана тілі күніне арналып, тілдік және мәдени саналуандық пен көптілділікке ықпал ету мақсатында ұйымдастырылды.