25-жылдық мерейтой аясындағы байқаулар

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Халықаралық қатынастар факультетінің 25 жылдығына орай факультет докторанттары мен магистранттары арасында «ХҚФ-нің ең үздік докторанты 2020» және «ХҚФ-нің ең үздік магистранты 2020» байқаулары жарияланады. Байқауға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінде оқып жатқан докторанттар мен магистранттар қатыса алады.

 

      ХҚФ-нің ең үздік докторанты 2020» байқауына қатысатын үміткерлерге қойылатын талаптар төмендегіше:

 

  1. Ғылыми метрикалық көрсеткіштері:

1)      SCOPUS, SCOPUS Proseedings, Web of Science базасында жарияланған мақалаларының болуы (процентиль, квартиль, Хирш көрсеткіштері қаралады);

2)      КОКСОН базасында жарияланған мақалаларының болуы;

3)      Ғылыми конференцияларға қатысуы (Қазақстан деңгейінде, халықаралық деңгейде);

 

  1. Оқу үлгерімі:

1)      Үздік бағалары саны (транскрипт бойынша);

2)      GPA деңгейі (транскрипт бойынша);

 

  1. Жеке көрсеткіштері:

1)      Халықаралық деңгейдегі олимпиада немесе байқаулардағы жетістіктері (ғылыми, пәндік, спорттық, мәдени т.б. байқаулар есепке алынады);

2)      Қазақстан деңгейіндегі олимпиада немесе байқаулардағы жетістіктері (ғылыми, пәндік, спорттық, мәдени т.б. байқаулар есепке алынады);

 

 

      «ХҚФ-нің ең үздік магистранты 2020» байқауына қатысатын үміткерлерге қойылатын талаптар төмендегіше:

 

  1. Ғылыми метрикалық көрсеткіштері:

1)      КОКСОН базасында жарияланған мақалаларының болуы;

2)      Ғылыми конференцияларға қатысуы (Қазақстан деңгейінде, халықаралық деңгейде);

 

  1. Оқу үлгерімі:

1)      Үздік бағалары саны (транскрипт бойынша);

2)      GPA деңгейі (транскрипт бойынша);

 

  1. Жеке көрсеткіштері:

1)      Халықаралық деңгейдегі олимпиада немесе байқаулардағы жетістіктері (ғылыми, пәндік, спорттық, мәдени т.б. байқаулар есепке алынады);

2)      Қазақстан деңгейіндегі олимпиада немесе байқаулардағы жетістіктері (ғылыми, пәндік, спорттық, мәдени т.б. байқаулар есепке алынады);

 

v  Байқауға қатыстысушы үміткерлер жоғарыда көрсетілген талап бойынша қажетті көрсеткіштерін pmsacademic@gmail.com электронды почтасына жолдауы қажет.

 

 

 

 

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Халықаралық қатынастар факультетінің 25 жылдығына орай факультет куратор-эдвайзерлері арасында «ХҚФ-нің ең үздік куратор-эдвайзері 2020» байқауы жарияланады.

 

      «ХҚФ үздік куратор-эдвайзері» байқауына қойылатын талаптар:

 

1. Кафедра мен факультеттің тәрбие жұмысы жоспарын орындау

- кураторлық сағаттарды* тұрақты түрде өткізу және өткізілгені туралы есептер беру (Word форматында, скриншоттармен) - айына кемінде бір рет;

- жоспарда көзделген іс-шараларды* өткізу және оны өткізу туралы есептер беру (Word форматында, скриншоттармен);

- 2020-2021 оқу жылының әр семестрі бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылау (2021 ж. 25 қаңтарына дейін және 2021 ж. 9 мамырына дейін) - есептерді Word форматында ұсыну.

* карантинге байланысты іс-шаралар жазбалары сақталып, онлайн форматта өткізілуі керек. Іс-шаралар жазбалары www.youtube.com веб-сайтына жүктеліп, жиналыс сілтемелері көрсетілген электрондық поштаға жіберілуі керек.

 

2. «Факультеттің студенттік өмірін жетілдіру» тақырыбына эссе жазу

- Microsoft Word форматы, Times New Roman шрифті, өлшемі 14, бір интервал, абзац шегінісі 1.25; қырлары: сол жақта - 3, оң жақта - 1,5, жоғарғы және төменгі бөліктерде - 2.

- Эссенің көлемі 4 беттен аспауы тиіс.

- Куратор-эдвайзердің аты-жөні жоғарғы оң жақ бұрышта көрсетілуі тиіс.

 

3. Басшылықтың нұсқауларын орындау

- басшылықтың нұсқауларын жұмыс тәртібінде орындау.

 

Барлық есептер мен эсселер ХҚФ аға куратор-эдвайзері электрондық поштасына жіберілуі керек: sultan.tleubekov@kaznu.kz

 

 

 

 

 

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Халықаралық қатынастар факультетінің 25 жылдығына арналған «Заманауи халықаралық қатынастардағы Қазақстан: Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиясы» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы (12 қараша 2020 ж.)

 

Сіздерді халықаралық қатынастар факультеті 2020 жылдың 12 қарашасында өтетін «Заманауи халықаралық қатынастардағы Қазақстан: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиясы» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясына шақырады.

Конференция Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Конференция барысында заманауи халықаралық қатынастардағы, сыртқы саясат пен дипломатиядағы, халықаралық құқық, әлемдік экономика, халықаралық аймақтану және жаһандану мен цифрлық технология кезеңіндегі елтану мәселелері және шет тілдерін оқытудың өзекті әдістері талқыланады.

Сарапшылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық аренада Қазақстанның сыртқы саясатындағы стратегиялық бағытының Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сыртқы саяси бағдары және дипломатиясымен сабақтастығына талдау жүргізеді.

     Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға Қазақстан мен ТМД елдері, алыс шетелдердегі ғылыми - сараптамалық қауымдастықтардың жетекші өкілдері, ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері, ҚР СІМ, шетелдік елшіліктер және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

 

Конференция жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция ұйымдастырушылары: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Конференцияны өткізу орны және форматы: Алматы қаласы, ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті, онлайн.

Конференцияны өткізу уақыты: 14.00-16.00 (Нұр-Сұлтан уақытымен)

 

 

 

Қатысу үшін келесі байланыс нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз: + 7 (707) 748 01 26 немесе мына электрондық мекенжай бойынша хабарласыңыз: Syrym.Parpiyev@kaznu.kz; pmsacademic@gmail.com. Парпиев Сырым Маратович

 

Құрметпен,

конференция ұйымдастыру комитеті

 

Құрметті достар, әріптестер!​

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ХҚФ-і факультеттің 25 жылдық мерейтойына дайындықты бастады.
Факультет бірқатар іс - шаралар өткізуді жоспарлап отыр және  қараша айын біздің факультетке мерейлі ай деп жариялады. Қосымша ақпаратты кейінірек ұсынамыз.