ЭжБЖМ-і биржалық трейдинг орталығы

Экономика және бизнес жоғары мектебінің биржалық трейдинг орталығы - бұл отандық және халықаралық қаржы нарықтарының, биржалық алаңдардыңмамандарын практикалық даярлауға арналған алаң. Орталық түсіну үшін қарапайым, жан-жақты ауқымды және ең бастысы, қаржы нарықтарында инвестициялау бойынша өте тиімді авторлық тренингтер мен семинарларды әзірлеп өткізуде.

Сонымен қатар, Орталық инвестициялау және трейдинг бойынша тегін мастер-класстар өткізеді.

Орталықтың миссиясы-тыңдаушыларға ерекше инвестициялық білім беру.

Орталықта отандық және халықаралық қаржы нарықтарына шығу үшін барлық жағдай жасалған.

Барлық тренингтерді, курстарды, мастер-класстарды қаржы нарықтарында көп жылдық практикалық жұмыс тәжірибесі бар спикерлер өткізеді.

Орталықтың сайты: www.trading-center.kz