ҚОТ бойынша оқу процесі

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қашықтықтан білім беру технологиялары (ҚБТ) екінші жоғары (оқу мерзімі 3 жыл) және қысқартылған білім беру (оқу мерзімі 3 жыл) бағдарламалары бойынша күндізгі бөлімдегі студенттерге, академиялық мобилдiлiк бағдарламалары бойынша шет елдік іс сапарға шыққан 2-4 курс бакалавриат және магистартура студенттеріне, онымен қатар мүмкіндігі шектелген студенттерге пайдаланылады.

 

Қашықтықтан оқитын студенттерге арналған талаптар: 

  • Жеке дара компьютер немесе жиі компьютерге қол жеткізу мүмкіндігі болу керек ;
  • Жеке компьютерлік мультимедиалық жабдықтары: веб-камера, микрофон және  компьютерге қосылуға акустикалық жүйелердің болу керек ;
  • 512 кб/с  жылдамдықтан кем емес Интернет жесілі болу керек;
  • Электронды почтамен және электронды документтерді құруға және  өзгертуге арналған кеңселік программалар пакетімен жұмыс жасау қабілеті болу керек.

Қашықтықтан оқытудың қағидалары ⏩ каз, рус

Оқыту қашықтықтан басқару жүйесі  http://dl.kaznu.kz/ арқылы жүзеге асады. Бір семестрдің ұзақтығы - 15 апта. Студент оқу семестрі аяқталғаннан кейін  емтихандық сессия кезеңінде, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не 10-12 күнге келуі тиіс.

Теориялық оқыту кезінде студент пәндерді электронды қашықтықтан оқыту жүйесі MOODLE арқылы оқиды,  оған барлық оқу материалдары (дәріс конспектілері, видеодәрістер, презентациялар), тапсырмалар (тестілер жазбаша тапсырмалар топпен талқылау) және online (чат, аудио-видео конференциялар) және offline (хат алмасу, пікірталас форумы болып өтті) оқытушылардан кеңес алуға мүмкіндіктер жасалған.

Студент оқу семестрі кезеңінде қашықтықтан оқыту жүйесінде тапсырмаларды орындайды нәтижесінде әр пән бойынша 300 балдан ең жоғары 300 балл жинай алады. Оқу семестрі аяқталғаннан кейін, белгіленген күні студент әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не келіп емтихан тапсырып, қалған 100 баллын ала алады.