"Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіптік бюросы
Шығыстану факультеті "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағы 7 категория бойынша, оның ішінде: көпбалалы, жартылай жетім, балалы студенттер, мүмкіндігі шектеулі, асқазан және қант диабетімен ауыратын студенттер, ата-анасы ажырасқан студенттер және толық жетім студенттерге көмек көрсетумен айналысады. Сонымен қатар, студенттерді ОҢАЙ жол карточкасымен қамтамасыздандырады.
Жуырда ауруға шалдыққан кішкентай бүлдіршіннің емі үшін де кәсіподақ өз күшін аямады. Интернет желісінде қаржы жинау үшін қор ашылып, Шығыстану факультетінің 1 қабат залында қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Жиналған қор міндетті орынға аударылды.
Мұндай міндеттерден бөлек кәсіподақ, Тілдер мерекесіне орай өткізілетін "Бауырсақ Party" сияқты іс-шаралар ұйымдастырып отырады. "Бауырсақ Party" мерекелік іс-шарасы Шығыстану факультетінде 2019 жылы 5 қыркүйекте өткізілді. Дәстүрлі тағамдармен дастархан жайылып, ән-күй ойнатылды. Студенттер мен оқытушыларға қазақтың ақын-жазушылары, салт-дәстүрі, мақал-мәтел мен әдебиеті жайлы түрлі сұрақтар қойылып, кішігірім ойын ойнатылды.
Факультеттің 1-курс студенттеріне “Оңай” транспорттық карталарын тарату