26-шы Қазақстан бойынша жапон тілінен шешендік өнер сайысы

08.04.2023

Көрулер: 688

2023 жылдың 11 наурызында Қазақстан жапон тілі мұғалімдері қауымдастығының және Жапонияның Қазақстандағы елшілігінің бірлескен демеушілігімен 26-шы Қазақстан бойынша жапон тілінен шешендік өнер сайысы өткізілді. Байқауға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қазақстан-Жапония адами ресурстарды дамыту орталығынан және т.б. 17 студент қатысып, жапон тілінде сөз сөйледі. Бірінші орынды Оразбаев Сұлтан «Кейінге қалдыру мәселесі», (Қазақстан-Жапония адами ресурстарды дамыту орталығы), екінші орынды Тұрдықожа Мадина «Ата-анама айтқым келетін нәрсе», (Қазақ халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университеті), ал үшінші орынды Қабыш Азиза «Көбелек эффекті» (Қазақ Ұлттық университеті) иеленді. Цукуба университеті осы іс-шараның демеушісі ретінде шешендік өнер сайысының қатысушыларына сыйлықтар берді.

https://www.kaznu.kz/