Әлеуметтік-тәрбие қызметі

«Тәрбие мен білім беру – ажырағысыз ұғым. Білім бермей тұрып, тәрбиелеуге болмайды, ал берген әр білімің тәрбиелік ықпал жасайды» деген Толстойдың сөзін ескерсек, тәрбие беделінің білімнен әлденеше есе салмақтылығына көз жеткіземіз. Демек, тәуелсіздік туын көкке көтеріп, тек ауызбірлік тілеген халқымыздың жарастығын, еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін көздің қарашығындай сақтау – әрбір азаматтың борышы. Онсыз ешқашан да қазақстандық патриотизмді қалыптастыра алмаймыз. Осы орайда біздің факультетте жүргізіліп жатқан

Тәрбие жұмысының мақсаты : студенттердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына және өмірлік нық көзқарасы бар азамат болуына ықпал ету

Тәрбие жұмысының негізгі мақсаттары :

  • азаматтық-патриоттық, құқықтық тәрбие
  • рухани адамгершілік және мәдени-эстетикалық тәрбие
  • студенттің кәсіби біліктілігін үнемі арттыру мен өзін-өзі дамытуға ұмтылуына ықпал ету
  • салауатты өмір-салтын қадағалауға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыру
  • көшбасшылық қасиеттермен коммуникативтік дағдыларын дамыту