Жаңалықтар

МЕХАНИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ МАГИСТРАНТТАРЫ - "АБАЙ-ВЕРН" СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ!

30.10.2023

Абай-Верн стипендиялық бағдарламасы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Франция Республикасының Еуропа және Сыртқы істер министрлігінің бірлескен бағдарламасы болып табылады. Француз-қазақ аралас Комиссиясы отырысының қорытындысына сай магистратура аясында Францияда оқуға 30 үміткер мақұлданған. Сол жеңімпаздардың 7-і Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Механика-математика факультеті "Механика" кафедрасының магистранттары екенін қуана жеткіземіз. 

Ары қарай оқу >>

Механика кафедрасының PhD докторанты Досмағамбет Нұрдәулеттің жетекшілігімен Қазақстан құрама командасы Сингапурдағы робототехника бойынша жарыстарда чемпион атанды

23.10.2023

7-10 қазан аралығында Сингапурда робототехника бойынша халықаралық жарыстар өтті, оған 191 елдің өкілдері қатысты. Бас жеңімпаз механика кафедрасының PhD докторанты, robomech ғылыми-білім беру орталығының белсенді мүшесі және USTEM FOUNDATION (Қазақстан және Орталық Азияда инженерия дамыту Қоғамдық қорының) негізін қалаушылардың бірі Досмағамбет Нұрдәулет Қайратұлы басқаратын Қазақстан құрама командасы болды.

Ары қарай оқу >>

Механика кафедрасының профессор м. а. Беляев Е.К. Themophysics 2023 халықаралық термофизика конференциясына қатысты

16.10.2023

Механика кафедрасының профессор қызметін атқарушы, АР14872287  «Континенталды климатта күн жылу энергиясын каскадты сақтау тиімділігін фазалық ауыспалы материалдар негізінде зерттеу» тақырыбындағы жоба жетекшісі, жетекші ғылыми қызметкер Беляев Е.К. 2023 жылдың 1 қазан мен 8 қазан аралығында Чехия, Далешчице қаласында Themophysics 2023 (http://thermophysics.fch.vut.cz/2023/index.php) жыл сайынғы халықаралық термофизика конференциясына қатысты.

Ары қарай оқу >>

Механика кафедрасының доцент м.а. Калиева Назгуль Болатовна кубсаттарды жобалау бойынша практикалық тренингке қатысты.

02.10.2023

Курсқа 14 елден 17 қатысушы қатысты. 17 шілдеден 1 қыркүйекке дейін созылған бұл тренинг үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде (17 шілде -20 тамыз) онлайн лекциялар Moodle жүйесінде жүргізілді. 21 тамыздан 30 тамыз аралығында Жапонияның Нихон университетінде практикалық бөлімі өтті. Курстың үшінші кезеңінде қатысушылар ArkEdge Space, IHI aerospace, IHI Corporation, INAMI Space Laboratory, Japan Manned Space Systems Corporation, NEC Corporation, Hatta Yamamoto Propulsion Engineering and Research компанияларының қызметкерлеріне наноспутниктерді және олардың ішкі жүйелерін жобалау бойынша дәріс беріп, лабораториялық сабақтар жүргізді. 

Ары қарай оқу >>

МЕХАНИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ ПРОФЕССОР М. А., Т.Ғ.Д УТЕНОВ МУРАТУЛЛА УМАРАЛИҰЛЫ «EREN ENBEGI USHIN» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

29.09.2023

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректорының 2023 жылдың 30-маусымындағы №367 бұйрығына сәйкес т.ғ.д., профессор м.а. Утенов Муратулла Умаралиұлы 70 жылдық мерейтойына орай Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «EREN ENBEGI USHIN» медалімен марапатталды.

 

Ары қарай оқу >>

МЕХАНИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ ТҰРАРОВА ЖАНЫЛКУЛЬ ҚИЯШҚЫЗЫ «EREN ENBEGI USHIN» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

29.09.2023

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректорының 2023 жылдың 11-шілдесіндегі №392 бұйрығына сәйкес механика кафедрасының жетекші маманы Тұрарова Жанылкуль Қияшқызы 60 жылдық мерейтойына орай Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «EREN ENBEGI USHIN» медалімен марапатталды.

 

Ары қарай оқу >>

МЕХАНИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ РАҚЫШЕВА ЗӘУРЕ БАЯНҚЫЗЫ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ «EREN ENBEGI USHIN» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

29.09.2023

2022 жылдың 20 қазанында №536 ректордың бұйрығына сәйкес ф.ғ.к., профессор м.а. Рақышева Зәуре Баянқызы Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «EREN ENBEGI USHIN» медалімен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 1-курс магистранттары Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресіне (TWMS Congress-2023) қатысты

27.09.2023

2023 жылы 20-23 қыркүйек аралығында Түркістан қаласында Түркі әлемінің математикалық қоғамы (Turkic World Mathematical Society, TWMS) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Түркістан облысы әкімдігінің және Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (ХҚТУ) қолдауымен өткізілген Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресіне (TWMS Congress-2023)  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің механика кафедрасының 1-курс магистранттары Абдидин Алина, Елдосқызы Құралай, Момыш Назерке, Бодау Бекет қатысып, баяндамалар жасады.

Ары қарай оқу >>

AGH Ғылыми техникалық университетінің профессоры Марчин Кот (Краков, Польша) дәріс оқыды

23.09.2023

19 қыркүйекте механика кафедрасында Erasmus бағдарламасының халықаралық білім беру жобасы аясында AGH Ғылыми техникалық университетінің профессоры Марчин Кот (Краков, Польша) дәріс оқыды.

Ары қарай оқу >>

ACA 2023 Warsaw, Poland

19.09.2023

ACA конференциялар сериясы компьютерлік алгебра Қосымшаларының барлық түрлерін ілгерілетуге және компьютерлік алгебра жүйелері мен пакеттерін жасаушылардың зерттеушілер мен пайдаланушылармен (соның ішінде ғалымдармен, инженерлермен, оқытушылармен және математиктермен) өзара әрекеттесуін ынталандыруға бағытталған. Дәстүрлі түрде ACA компьютерлік алгебраның барлық негізгі аспектілері мен қосымшаларын қамтитын ғылыми сессиялар түрінде ұйымдастырылады. Биыл конференция Варшава жаратылыстану ғылымдары университетінің - SGGW Ақпараттық технологиялар институтында өтті, Варшава.

 

Ары қарай оқу >>