Халықаралық қызмет

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ғылыми байланыстары өте кең ауқымды. Жыл сайын оқытушылар мен докторанттар, магистранттар әлемдік үздік университеттерден, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтардан ғылыми тәжірибеден өтіп келеді. Халықаралық ғылыми конференцияларға да қатысады, халықаралық зерттеу институттары мен орталықтарының шараларына белсене араласады, ЖОО арасындағы жинақтарының редакциялық алқа мүшелері. Кафедра профессорлары шетелдерде қорғалатын докторлық диссертациялардың жетекшісі мен рецензенттері болды.

Кафедра Еуропаның танымал университеттері мен ТМД елдерінің жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас жасайды:

- Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (Ресей);

- М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей);

- РҒА Орыс әдебиеті институты (Ресей);

- Тюмен мемлекеттік мұнайгаз университеті (Ресей);

- РҒА СБ Филология институты (Ресей);

- Самарканд мемлекеттік шет тілдер институты (Өзбекстан);

- ҚР ҰҒА Ш. Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институты (Кыргызстан);

- Пятигорск мемлекеттік лингвистика университеті (Ресей);

- Украинаның Халықаралық әдебиет және өнер академиясы (Украина);

- Ұлы Витаутас Университеті (Литва);

- Гранада университеті (Испания);

- Гумбольдт университеті (Германия);

- Гази унинерситеті (Түркия);

- Стамбул университеті (Түркия);

- Эгей университеті (Түркия);

- Браун университеті (АҚШ);

- Торонто университеті (Канада);

- Батыс-Венгрия университеті (Венгрия).

Кафедра оқытушылары республикалық және халықаралық конференцияларға, семинарларға белсене ат салысады.

 

Батыс-Венгрия университетінің профессор Михай Фрешлидің дәрісі (2017 жылдың 29 қыркүйегі - 4 қазан аралығы)

 

Алыс жақын шет елдермен байланысты нығайту үшін, тәжірибе алмасу мақсатында үздік әлемдік университеттер мен ғылыми зерттеу институттарының ғалымдарын шақырып отырады.

Кафедра мынадай шетелдік әдебиеттанушы ғалымдармен байланыста: А.А.Актамалиев (Қырғызстан), С.А.Кибальник, И.В.Силантьев (Ресей), А.И.Ковтун (Литва), Н.А.Голиков (Ресей), А.М.Казиева (Ресей), В.Шмид (Германия), Н. Евдокимова, Д.Дерин (АҚШ), Н.Йылдыз (Түркия), Донна Орвин (Канада), Михай Фрешли (Венгрия), Рафаэль Гусман Тирадо (Испания), т.б.

Бүгінгі күнде қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы Қазақстандағы алдыңғы қатарлы кафедраларның бірі. ҚазҰУ ғылыми зерттеу университеті болғандықтан кафедраның атқарған қызметтері ескеріле отырып кафедра мерейі арта береді.