Мәдени-философиялық «Тамыр» журналының таныстырылымы!

23.11.2017

Көрулер: 3362

Қазақ Ұлттық университетінің филология жəне əлем тілдері факультетінде мәдени-философиялық «Тамыр» журналының кезекті 45-санының таныстырылымы өтті. «Тамырдың» тарихы, алдағы жоспарлары туралы таныстырылымнан кейін студенттер арасында ел мәдениетіне үлес қосып келе жатқан журналға деген қызығушылықтың артқаны байқалды. Шара аясында журналдың негізін қалаушы Әуезхан Қодардың өлеңдері оқылып, оқырмандар ақынның шығармашылық мұрасы туралы пікірлерін ортаға салды. Таныстырылымға келгендерге басылымның редакторы Айман Қодар «Тамыр» журналының 45-санын және Ә. Қодардың «Оралу» атты өлеңдер жинағын тарту етті.

Журналдың таныстырылымын ұйымдастырушылар қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушылары: кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор А. Темірболат, кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Оспанова, доцент м.а. Г. Болатова және Б. Баязитов.