Құттықтаймыз!

29.06.2023

Көрулер: 603

Ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі АҚ "Халықаралық бағдарламалар орталығы" 2023 жылғы 23 маусымда "Болашақ" стипендиясының және ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша грант иегерлерінің тізімін жариялады. 182 қазақстандық "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды. Оның ішінде 149 адам магистратурада оқудан өтеді; 7-і әлемнің үздік жоғары оқу орындарының докторантурасында; 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберіледі. Оның ішінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің ғалымдары да бар:

1. Абишев Медеу Ержанұлы- Калифорния мемлекеттік университеті, Фресно, АҚШ.

2. Туреханова Құндыз Моминқызы - Колумбия ұлттық университеті, Колумбия, АҚШ.

3. Ибраимов Марғұлан Қасенұлы- Ренсселлер политехникалық институты (RPI), Трой, Нью-Йорк, АҚШ.

4. Сағидолда Ерулан- Ренсселлер политехникалық институты (RPI), Трой, Нью-Йорк, АҚШ.

5. Нұғманова Айжан - Мюнхен техникалық университеті, Мюнхен, Германия.

 

Физика-техникалық факультетінің ұжымы Сіздерді шын жүректен құттықтайды және ғылыми зерттеулеріңізді табысты жүзеге асыруды тілейді!