ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

29.12.2022

Көрулер: 774

   

 

    2022 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрінің № 216 бұйрығымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика техникалық факультетінің қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасының жас және келешегі зор ғалымдары Хохлов Серік Анатольевич пен Ибраимов Марғұлан Қасенұлына Д.А. Қонаев тындағы сыйлық «Астрофизика және электроника есептерін шешу үшін нейрондық желіні талдаудың және компьютерлік модельдеудің жаңа әдістерін әзірлеу» атты жұмыс үшін берілді.


   Сыйлық Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің байқауы аясында өткізіледі және ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан жас ғалымдарды ынталандыру мақсатында жыл сайын беріледі.

 


                                   

   

   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жас ғалымдарының ғылыми нәтижелерін тану және оларға Д.А. Қонаев атындағы сыйлықтың берілуі университеттің Қазақстанның ғылыми-зерттеу және көрнекті жас зерттеушілерді даярлау салаларындағы көшбасшы екенінің тағы бір дәлелі болып табылады.