Жылуфизикасы және техникалық физика кафедрасының оқытушылары Швейцариялық бизнес-мектебінен біліктіліктерін арттыру курсынан өтті

10.04.2022

Көрулер: 1041

Оқу үдерісінің негізгі мақсаты профессор-оқытушылар құрамын, жас ғалымдар мен басшылардың оқу бағдарламаларын қайта құру, коммерцияландыру және стартаптар арқылы басқару процестерін жетілдіруді ынталандыру, әлеуетті арттыру және интернационаландыру бойынша инновациялық зерттеу университеті бағытында қажетті дағдыларға үйрету болатын. Осы оқу курсынан жеке оқытушылық мансапты дамыту, заманауи тәжірибе жинау әдістерін меңгеру мен мұғалімнің қабілеттерін арттыру бойынша жаңа тың білім алдық. Сондай-ақ барлық салаларда жеке өмірді басқару және туындайтын проблемалар шешу жолдары мен табысқа жетудің жолдарын шетелдік оқытушылармен бірге талқыланып қарастырылды.