Университет ғалымдарының ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы (Плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасы)
Көрулер: 3793
Жұмыс нәтижелерін қорытындылай келе, «Web of Science» және «Scopus» дерекқорларында индекстелетін халықаралық басылымдардағы жарияланымдар саны жылдан жылға өсіп келе жатқандығы атап өтілді. Бұл ең алдымен ғылыми зерттеулер сапасының артуы мен әлемнің алдыңғы қатарлы университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарымен ыңтықмастықтың арқасы.
Мысалы, халықаралық зерттеу топтарында жұмыс істеген ҚазҰУ ғалымдары К.Куратов пен В. Зайберттің екі мақаласы «Nature» және «Science» атты ең жоғары импакт-фактор көрсеткіштеріне ие беделді ғылыми журналдарында басылып шықты. Айта кету керек, жоғары рейтингілік басылымдардағы әрбір бесінші қазақстандық мақала – ҚазҰУ ғалымдарының үлесі.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары әлемдегі ұқсастығы жоқ инновациялық технологияларды дамытуда. Осылайша, ректор, академик Ғ.Мұтанов басқарған ғалымдар тобы бериллий алудың инновациялық технологияларын құрды және үш АҚШ патентін иеленді.
ҚазҰУ-дың ғылыми мектебі теориялық плазма физикасы бойынша әлемдік жетістіктерімен танымал. Академик Т. Рамазановтың жетекшілігімен ҚазҰУ ғалымдары әзірлеген теңдеулер мен модельдер негізінде әлемнің танымал университеттері бейсызық плазмалардың қасиеттері бойынша зерттеулер жүргізуде. Мектеп өкілдерінің ғылыми мақалаларына әлемнің ғалымдары тарапынан үш мың рет сілтеме жасалынған.
Соңғы үш жылда ҚазҰУ-дағы ғылыми зерттеулер көлемі екі есеге артқандығын атап өту қажет.