Магистранттардың Мәскеу қаласындағы тағылымдамасы, Наурыз, 2017 ж.

13.04.2017

Көрулер: 1848

2017 жылдың 13-22 наурыз аралығында медико-профилактикалық іс мамандығының  магистранттары Баймаханов Б., Орғанов Б., Байтенова А., Омарова А., Елекенова Г.  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен И.М.  Сеченов атындағы  Бірінші Мәскеу  мемлекеттік медициналық  Университетінің арасында әріптестік жөніндегі келісім-шарт аясында «Жалпы эпидемиология және дәлелді медицина негіздері. Өзекті жұқпалы аурулардың  эпидемиологиясы мен  алдын алу» бойынша БМММУ эпидемиология және  дәлелді медицина кафедрасында  ғылыми тағылымдамадан  өтті.