Мұздық жүйелерді қашықтан бақылау бойынша оқыту

29.03.2024

Көрулер: 124

Тұрақты даму мақсаттарының 13 тармағына сәйкес жүргізілген «Жасыл Орталық Азия» бағдарламасы аясында Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамының демеушілігімен (GIZ) 2024 жылдың 11-15 наурызында ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Орталық Азия аймақтық гляциологиялық 2-санаттағы орталығының ұйымдастыруымен Орталық Азия елдерінің ғалымдары үшін мұздық жүйелерді қашықтан зондтау (қашықтықтан зондтау деректерін және ArcGIS бағдарламалық құралын пайдалану арқылы мұздықтарды каталогтау) бойынша халықаралық тренингке «Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер» оқу бағдарламасының 2-курс магистранты Д.В. Бондаренко қатысты.

 

 

Қатысушылар тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар ГАЖ технологияларын, оптикалық спутниктік суреттерді және Жер бедерінің сандық үлгісін дайындау әдістері мен алгоритмдерін, мұздықтардың шекарасын картаға түсіруді автоматтандыру мен жартылай автоматтандыруды, мұздықтардың морфометриялық параметрлерін анықтауды қолдана отырып, мұздықтарды дешифрлеу бойынша практикалық дағдыларды алды. Сондай-ақ барлық қатысушыларға мұздықтар жүйесін қашықтан бақылау бойынша 5 күндік тренингті сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар берілді.