Мұздықтық жүйелерді қашықтықтан бақылау бойынша тренинг

21.03.2024

Көрулер: 104

Тұрақты дамудың 13 мақсатын жүзеге асыру шеңберінде 2024 жылдың 11-15 наурыз аралығында метеорология және гидрология кафедрасының оқытушысы Абдуллаева Ә.С. Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ) «Жасыл Орталық Азия» бағдарламасы аясындағы демеушілігімен ЮНЕСКО-ның 2-санаттағы Орталық Азия аймақтық гляциологиялық орталығының ұйымдастыруымен Орталық Азия елдерінің ғалымдары үшін мұздықтық жүйелерді қашықтан бақылау (қашықтықтан зондтау мәліметтерін және ArcGIS бағдарламалық құралын пайдалану арқылы мұздықтарды каталогтау) бойынша халықаралық тренингке қатысты.. Қатысушылар теориялық біліммен қатар мұздықтарды ГАЖ технологияларын қолдана отырып дешифрлеу, оптикалық ғарыштық суреттерді және ЖБСМ дайындау әдістері мен алгоритмдері, мұздықтардың шекарасын автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған әдіс бойынша картаға түсіру, мұздықтардың морфометриялық сипаттамаларын анықтау.бойынша практикалық білім алды. Сондай-ақ барлық қатысушыларға мұздықтар жүйесін қашықтан бақылау бойынша 5 күндік тренингті сәтті аяқтағаны туралы сертификат берілді.