Наурызнаманың «Қайырымдылық күні»

16.03.2024

Көрулер: 151

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті, «География, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының «6B07303-Жерге орналастыру» 1 курс оқу тобының студенттері 15 наурыз күні «Наурызнама» онкүндігінің «Қайырымдылық күніне»  орай, Алматы қаласы Білім басқармасының арнайы мамандырылған «Жанұя» кешеніндегі ата-анасынан ерте айырылған балаларға қайрымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шара барысында кафедра ұжымының қаржылай қолдауы және студенттердің қайрымдылығы нәтижесінде, тәрбиеленуші балаларға әртүрлі киімдер, көптеген сыйлықтар таратылды.