"Көрісу күні" мерекесі қарсаңында жерге орналастыру, геодезия және картография күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті

13.03.2024

Көрулер: 139

2024 жылдың 13 наурызында "Көрісу күні" мерекесі қарсаңында география және табиғатты пайдалану факультетінде Жерге орналастыру, геодезия және картография күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. ЖОО-ның 90 жылдығы аясында ұйымдастырылған іс-шараларға: қатысты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма төрағасы – Ректоры Жансейіт Қансейтұлы Түймебаев, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Алматы мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Әбілғаниев Дарын Бақытжанұлы, Қазгидромет РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Шахабаев Қуаныш Еркешұлы, "Экономика институты" ШЖҚ РМК Бас директорының орынбасары"ҚР ҰӘҚ ҒК Зәуре Қазбекқызы Чуланова, "География және су қауіпсіздігі институты" АҚ су ресурстары зертханасының басшысы Тұрсынова Айсұлу Алашқызы, "У.М. Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институты" ЖШС гидродинамикалық және геоэкологиялық процестерді модельдеу зертханасының меңгерушісі Сотников Евгений Владимирович, Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығының (РЭЦЦА) өкілі  Кауазов Азамат Маратұлы.

Іс-шараны ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев ашты және ҒЗИ, министрліктердің ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, ол ТДМ 4 "Сапалы білім", ТДМ 8 "Жұмыс және экономикалық өсу" және ТДМ 17 "Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік" жетістіктерінің индикаторларының бірі болып табылатынын ерешеледі.

 

Іс-шара барысында профессор-оқытушылар құрамы университеттің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін "Ерен еңбегі үшін" университетінің медалімен, сондай-ақ "Үздік геодезист" төсбелгісімен және жерге орналастыру, геодезия және картография күніне орай ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің геодезия және картография комитетінің алғыс хаттарымен марапатталды.