Токио университетінің делегациясымен кездесу өтті

07.03.2024

Көрулер: 138

2024 жылғы 07 наурызда география және табиғатты пайдалану факультетінің базасында Токио университетінің (Жапония) профессорлары Окада Терке, Сузуки Асака, Миуа Такуми және студенттерімен кездесу өтті. Кездесу барысында профессорлар мен студенттер «Тұрақты даму және табиғатты тиімді пайдалану» ғылыми орталығынның, 10 ғылыми зертханаларының қызметімен танысты.